Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ерекше ережесі бар елдер

Ерекше ережесі бар елдер

Ерекше ережесі бар елдер

Ой-санасы тура кез келген ересек адам мемлекеттік заңға бағынады. Заңмен бекітілген ережелер мен талаптарды орындап, тәртіп сақтайды. Алайда, кейбір ақылға қонбайтын заңдар адамды естен тандыруы мүмкін. Мұндай заңдар әлемнің кейбір елдерінде кездеседі екен. Саяхат туралы ақпаратпен құлағдар ететін американдық «Travel+Leisure» журналы қисынсыз заңдардың тізімін жасаған.

Италияның ең әдемі қалаларының бірі әрі ғашықтар мекені саналатын Венеция шаһарында кептерге жем шашуға, қоғамдық орындарда жейдесіз жүруге, жаяу жүргіншілер жолында келе жатып нан-тоқаштарды жеуге, су бұрқақтар бассейнінің ішіне кіруге болмайды. Заң бұзылған жағдайда, тәртіп сақшылары 600 АҚШ долларына дейін айыппұл талап етеді.


Германия елінде автотрассада келе жатқан кезде, көлікті тоқтатуға болмайды. Тіпті, жағар жанармай таусылып қалғанда да кідіруге болмайды. Сондай-ақ, трасса бойымен жаяу жүруге рұқсат етілмейді. Заң бұзылған жағдайда, айыппұл төленеді.

Біріккен Араб Эмираттары елдерінде Рамазан айында қоғамдық орындарда ораза ұстаған жандардың алдында тұрып су ішіп, ауқаттануға болмайды.  Кері жағдайда 275 АҚШ долларына дейін айыппұл төленеді. Мұсылман елдерінде жергілікті ережелер мен қағидаттар тым қатал, сондықтан да заңға бағынуға еріксіз тура келеді.

Таиланд елінде көшеге жейде кимей шыққан жағдайда,  заң бұзған жан 10 АҚШ доллар шамасында айыппұл төлейді. Сондай-ақ, жейдесіз көлікке отыруға, мотоцикл айдауға болмайды.

Гренадада суға түскенде киетін киіммен ғана жүруге болмайды. Заң бұзылған жағдайда 270 АҚШ доллар айыппұл талап етіледі.

Канада елінде сауда кезінде алынған тауардың бағасы 25  доллардан асқан жағдайда, ақшаны 1 долларлық тиындармен беруге болмайды.


Франция мен Англияда темір жол вокзалының аймағында сүйісуге, құшақтасуға болмайды.

Дания елінде автомобиль фараларын сөндіріп жүрген кезде 100 доллар айыппұл талап етіледі.


Сингапур елінде қоғамдық орындарда сағыз шайнауға, түкіруге, кептерге жем шашуға, құмар ойындарды ойнауға болмайды. Кері жағдайда айыппұл талап етіледі. Сондай-ақ, қоғамдық дәретханаларда су ағызылмаған жағдайда, заң бұзған жанның қалтасы қағылады. Ал үй жануарларын далада қыдыртқан кезде, олардың нәжісіне арналған арнайы пакеттері міндетті түрде болуы керек.

Суреттер:softmixer.com, oceankirov.ru, 7sekretov.ru

3526 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 наурыз 2012, 11:26
Пікірлер
+0
28 наурыз 2012, 11:33

қызық, қызық :D

+0
28 наурыз 2012, 11:43

өй соны да әңгіме деп.. Бізде де, Қазақстанда ондай ережелер толып жатыр...
Сенбесеңіз МАИ қызметкерлеріне ұсталып қалып көріңіз)))

+0
28 наурыз 2012, 12:02

МАИ қызметкерлері сағыз шайнауға болмайды дей ме?! :lol:

+0
28 наурыз 2012, 12:05

ол сылтау МАИдың жәй "сағыз шайнауы" ғой, одан да күштілері бар!)))

+0
28 наурыз 2012, 12:12

Бөлісе отырыңыз, олай болса :lol:

+0
28 наурыз 2012, 12:17

Елде жоқ, заңда жоқ бір тәртіптерді тауып алады да соған айыппұл мөлшерін де тауып алып бетіңе быттиып қарап алады, сосын әлгі Хаттамасын толтырайын деп ыңғайлана бергенде ӨЗІҢ де няғыласың... ар жағы құпия)

+0
28 наурыз 2012, 12:19

Олай босла, әрқайсысымыз өз құқығымызды біліп, бәрімізге ортақ ережелерді жадымызда сақтауға тиіспіз. Сонда МАИ де, басқасы да өзімізге түгілі, көлеңкемізге жоламайды

+0
28 наурыз 2012, 12:22

:D Дұрыс айттыңыз!

+0
28 наурыз 2012, 11:47

Бізге де асфальт жерге түкіруге, машинаның есігін ашып, түкіруге болмайды деген заң қабылдау керек!

+0
28 наурыз 2012, 12:18

Бізде сол қақырып түкірүден бірінші орын алатын болар Алматы.Ауыз болған соң түкіру керек деген ұстаныммен жүре ма екен білмедім,жеркенішті..

+0
28 наурыз 2012, 12:20

Айтпа. Соларды қатал жазаласа ғой. Түкіру түгілі сілекей ағызуға болмайтындай қылып :x

+0
28 наурыз 2012, 12:33

толықтай келісемін қандай жаза болса да.Алдында 1 автобустың кондуктарын бақылап тұрдым:түкіре ма жоқ па?Кейінгі кездері кішкене сол адамдарды жек көріп бара жатырмын))Сол кондуктор тұрды тұрды,оған қоса бір жерлерін қасыды ма,аузындағы сағызын қалай шайнағанын бәрі байқады ғой.Мүмкін өміріндегі ең бірінші сағызы ма екен,кім болсын.Контрольный удар: барлық бізбен соғысқан немістерден өшін алғандай,түкіріп қалды,артынан мұрнын тартқылап автобусқа сдача(мәә қазақшаын білмедім) беруге кіріп кетті. :cry:

+0
28 наурыз 2012, 12:35

Ондайлар көп қой. Мәдениеттен жұрдай. Жабайылар деп айтуға лайық

+0
28 наурыз 2012, 11:48

Құрсын мына елдерге бармаспын))

+0
28 наурыз 2012, 12:20

ең соңғы сурет ұнап тұрғаны-ай.Осы ережелердің кішкенесі бізде сақталса ғой

+0
28 наурыз 2012, 12:22

Менің орыс көршім бар. Итімен жүргенде оның "бірдеңесін" пакетке жинап алып, кейін оны ағаш түбіндегі топыраққа көміп, не үйіндегі дәретханаға ағызып қояды

+0
28 наурыз 2012, 12:35

осындай кісілерден айналасың ғой.Жерді де қопсытып жатыр))

+0
28 наурыз 2012, 12:36

Иә, барлығы сол кісіден үлгі алса игі ;)

+0
06 сәуір 2012, 04:18

Адамның ой-интеллигенциясына байланысты ғой бәрі!

+0
29 қаңтар 2013, 00:03

жаман зандар екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...