Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Шылым шегуге рұқсат бермейтін 10 ел

Шылым шегуге рұқсат бермейтін 10 ел

Шылым шегуге рұқсат бермейтін 10 ел

Шылым шегуге теріс қарап, темекі түтінін ұнатпайтындар өз демалысын шылым шегуге қарсылық білдіретін елдерде өткізе алады. Қоғамдық орындар мен қала көшелерінде темекі тартуға тосқауыл қоятын мемлекеттердің саны жыл сайын артуда. Назарларыңызға шылым шегушілерді қатаң жазалайтын 10 мемлекетті ұсынамыз.

Бразилия

Бразилия елінің ірі қаласы Рио-де-Жанейрода барлық қоғамдық орындарда, тіпті бар мен мейрамханаларда темекі тартуға рұқсат жоқ. Ал Сан-Паулу қаласында барлық мекемелерде, соның ішінде түнгі клуб мен ойынханаларда шылым шегуге тосқауыл қойылған. Темекі тартатын жандар үшін арнайы бөлмелер қарастырылған. Алайда, мұндай бөлмелер барлық мекемелерде бола бермейді. Бразилия елінің басшылығы осылай тосқауыл қою арқылы шылым шегуге қарсы күреседі.

Бельгия
Шылым шегумен күресетін компаниялардық арқасында темекі тартушылардың саны азаюда. Себебі, бұл елдің барлық қоғамдық орындарында темекі тартуға рұқсат берілмейді. Тек шағын сыраханаларда ғана аз мөлшерде темекі тартуға болады.


Ұлыбритания

Бұл мемлекетте мүлдем темекі тартуға болмайды. Қоғамдық орындарда темекі тартқан жан әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді. Мысалы, Лондон қаласының көшелерінде шылым шегуге қарсылық білдіретін жандар темекі тартқан жанды көрген жағдайда, әкімшілікке шағым түсіре алады.

Германия

Темекіқұмар жан жұрт назарынан тыс, тығылып жүріп темекі тартса да, әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Халық көп шоғырланған жерде темекі тартқан жағдайда 1 мың еуроға дейін айыппұл салынады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі сатылмайды.


Ирландия
Ирландия халқы жаппай шылым шегуге қарсы күресуде. Олардың барлығы салауатты өмір салтына бет бұрып, темекіқұмарларды да өздеріне тартуда. Осылайша, олар темекі тартқан жандарға моральдық тұрғыда көмектесіп, құмарлықтарынан айықтырады.

Австралия
Халық көп шоғырланған қоғамдық орындарды темекі тартуға рұқсат жоқ. Тіпті, қала көшелері мен жазық далада да шылым шегушілер темекі тартпас бұрын, жан-жаққа қарап, айналасына көз тастауы керек. Себебі, бірнеше жыл бұрын Виктория штаты тұтанған темекі салдарынан өртенген.

Исландия
Исландықтар темекі тартқан жандарды жақтырмайды. Барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде халық көп шоғырланатын мейрамханалар, түнгі клубтар, бар-сыраханаларда темекі тартуға болмайды.

Канада
Бұл ел, әсіресе оның солтүстік аймағы шылым шегуге қарсылық білдіріп, тұрақты күресуде. Кейбір аймақтардың дүкендерінде темекі сатуға рұқсат бермейді. Талаптар бұзылған жағдайда, әкімшілік шаралар қолданылады. Осылайша, Канада басшылығы өз халқының денсаулығының жақсы, ал экологиясының таза болуын қадағалайды. Американың Mercer Human аналитикалық ұйымы осы жылдың қаңтар айында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Канада елінің Калгари және Оттава қалаларын әлемдегі ең таза қала деп таныды.

Норвегия
Қоғамдық орындармен қатар, қала көшелері мен көңіл көтеру орталықтарында темекі тартуға жол берілмейді. Жергілікті темекіге құмар халық ауызға салып шайнайтын темекіні қанағат тұтуға мәжбүр.

Сингапур
Халық көп шоғырланған кез келген жер мен қоғамдық орындарда темекі тартқан жандар әкімшілік жазаға тартылып, үлкен көлемде айыппұл төлейді. Сингапур халқы сыпайы болғанмен, олардың мінездері суық. Сондықтан да, темекі тартқан жанды көрген бойда олар шағым түсіреді.

Суреттер: ne-kurim.ru

2248 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 14:30
Пікірлер
+0
27 наурыз 2012, 17:58

біздің мекеменің ішнде де шылым шегуге рұқсат жоқ! Біз сондаймыз)

+0
28 наурыз 2012, 08:52

Өте дұрыс! Осылай жалғаса берсе, бәлкім, біз де осы елдердің қатарына енерміз ;)

+0
27 наурыз 2012, 18:52

Біз мектепте шылым шекпейміз бірақ сыртта шегеміз.

+0
27 наурыз 2012, 18:53

Оны жазған мен емес топас тәтем Ақерке\

+0
27 наурыз 2012, 18:54

мен ондай топас емеспін

+0
27 наурыз 2012, 23:36

Біздің елде қоғамдық жерде шылым шегуге болмайды десе де, шылым шегетіндер көп. Кейбір кафелерге барсаң көк түтіннің астында қаласың. Адамдар өздері заңға бағынбайды, сосын келіп заң жоқ, анау-мынау деп сөйлейді. Қазіргі қоғам қандай, біз сондай қоғамға лайықпыз.

+0
28 наурыз 2012, 03:31

ҚазҰУ-да темекі шегуге болмайтын тәртіп шықты

+0
28 наурыз 2012, 11:20

Дәл бүгін ҚазҰУ Сенатының ұйымдастыруымен университетте экономика және бизнес жоғары мектебінің алдында шылымға қарсы флэш-моб өткізілгелі жатыр.

+0
29 наурыз 2012, 03:48

Футбол матчтары өткізілетін стадиондарда темекі шегуге тыйым салу керек. Отырасың футбол көрейнш деп, сосын бір кезде қасындағы жүйкесін ұстай алмай отқан жанкүйер отырад бықсытыыыып. құсқың келед ше( :(

+0
31 наурыз 2012, 01:23

Қазақстанда да қоғамдық орында темекі шегуге болмайды ғой. Бірақ орындалмай жатады. Ал, бірнәрсе десең, қарайған сөз естіп қаласың. "Если не нравится, можешь уйти" деген сияқты әңгімелер айтып тастайды. :evil:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...