Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Англияда тұратын ағылшындар

Англияда тұратын ағылшындар

Англияда тұратын ағылшындар

Англиядағы дәстүрлі бір көрініс - ыстық су мен суық судың бір-бір кран болып жеке тартылуы. Әрине, қолайлы болмаса да, дәстүрге айналып кеткен. Мұның сыры неде екенін білесіз бе?

* * * * 

Көпшілік британдықтар өздерін ағылшын санайды, сол уақытта шотландықтар – тек шотландық, ал ирландықтар – тек қана ирландық.

Ұлыбританияда әр өңірдің өз сөйлеу мәнері бар. 

Ағылшындар суыққа төзімді халық. Балалары суық түскенше қысқа шорти мен гольфимен юбка киіп жүре береді. Сондықтан, қараша айында теркөйлекпен (майка) жүрген ағылшын көрсеңіз, таңғалмаңыз.

Олар, шынында да, пабаға барғанды қатты ұнатады. Әр жұма сайын сыра үшін кезекте тұратындар қаншама. Оған қоса, алда-жалда орын жетпей қалып жатса, көше суығында кезектерін күтіп тұра бермек.

Лондонда барлық жердің құрылымы тар әрі ықшамды. Пәтерлері де көбіне кішкентай болып келеді. Мейрамханалар мен кафелер де сол қатарда.

Осы бір ықшамдылық үшін сіз отырған үстелге бөгде біреуді әкеліп, отырғызуы мүмкін - егер сіз төрт адам отыратын орында отырсаңыз және екеу ғана болсаңыз.

Кейде ағылшындар қалың топ болып жүргенді жақсы көретіндей әсерде қалдырады. Пабаға күнбе-күн жиналатындардың қатары бір кем азайып көрген емес.

Ағылшын тілін орта деңгейде білетін болсаңыз да, олар сіздің жақсы сөйлейтіндігіңізді айтып, жылы лебіз білдіріп жатады. 

Жергілікті үлкен дүкендерде дайын тамақтың түр-түрі бар. Ол жерде қытайдың да, үндістің де, тіпті, ешкім естіп білмеген тамақ түрлері тұрады. 

Такси бағасы, сөзсіз, удай қымбат. Бірақ та, кез келген тұста және кез келген уақытта келіп тоқтайды. Мысалы, әуежайдан орталыққа дейін (қалаға жақын жерде тұрғанына қарамастан) ең аз дегенде 10 000-15 000 теңгеге қатынайды.

Лондонда ғаламат үлкен метро жолы бар. Қаланың басынан бастап, аяғына дейін барады. Және теміржол вокзалдарымен арадағы байланысы таң-тамаша қалдырмақ.

Билет құны қаланың қай бөлігін бетке алғаныңызға байланысты. Жобалаумен, алты бөліктей бар. Жолдың алыстығына байланысты билет құны да қымбаттай түспек.

Метродағы ең кіші жеңілдік шамамен 250 теңгеден басталады.

Барлық қалада велосипед бекеттері (тура мағынасында) шоғырланған. Кредиттік картаға белгілі бір уақытқа жалға беріледі. Бір күні 70 сом тұрады және өте ыңғайлы.

Көпшілік жұрты Қазақстанды біле бермейді.

Лондонда суши-барлар аз болғанмен, олардың қатарын әртүрлі үнді мейрамханалары толықтырады.

Лондондағы мейрамханаларды санап тауысу мүмкін емес.

Кез келген ауданда кір жуу орталығы орналасқан. Үйде жейде, көйлек жуу деген мүлдем әдетке жатпайды.

Көптеген ағылшын отбасыларында бала күтушілікке балиялық, филиппин, тайлық қыз-келіншектер жұмысқа тұрады. Олардың ара-тұра көпшілігі ағылшын тілінде мүлдем сөйлемейді де. Және оларды балалардың қалай түсінетіндігі әлі күнге жұмбақ күйі қалып келеді. 

Егер саясат туралы айта қалсаңыз, көпшілігі бір ауыздан батыс демократиясының түкке тұрғысыз екенін, жалпы саясаттың ешкімге керегі жоқтығын алға тартады.

Тіпті, қала орталығында да әртүрлі қолдан жасалған бұйымдар мен өнімдерді сататын пәкістандықтың, үндістің шағын дүкендері мен лашықтарын ұшыратасыз.

Демалыс күндері көпшілік орталықта және ашық жазықтарда үй тағамы мен ферма өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұрады.

Айтпақшы, сағат 15:00 десеңіз, ешкім де түсінбейді. Тек қана - 3 pm. Біздегі жүйе әскери өмірлерінде бағыт айқындау мақсатында ғана қолданылады. Мысалы, дұшпан 16:00-де деген секілді.

Ағылшындардың көпшілігі өздерінің әскері мен ядорлы қару-жарақтарымен мақтанады.

Тапсырыс бергенде және төлем рәсімдегенде, жалпы, көп жағдайда телефон құлтемірімен сөйлесесіз.

Ағылшындардың көпшілігі Парижге бір ғана мәрте барып көрген. Әйтпесе, Лондон мен Париж ортасында жол жүру екі-ақ сағат уақытты алады.

Пабалардағы жұртшылық шулы келеді. Адамдардың бір-бірін қалай еститіндерін түсініп болмайсыз.

Біздегі түсінікте айтар болсақ, орталықта бірде-бір ойын-сауық орталығы орналаспаған. 

Қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкін емес.

Саясат туралы айтқанда сонша көп білесіздер деп таңырқайды. Ал ағылшындардың өздеріне келер болсақ, олар мұндай нәрселерге бас қатырып жатпайды.

Шамамен, лондондықтардың барлығының үйінде аударма, қайта айналдыру, басып алу HD жүйелері қосылған ең аз дегенде 400 канал бар шығар.

Лондон метросында музыканттар үшін арнайы орын жасақталған. 

Ағылшындар артық еш нәрсе істеп қоймаса да, барлық тұста кешірім сұрауға әзір. Мысалы, егер дүкен есігінде тұрған адам сіздің бөгеліп қалғаныңызды көрсе, артынша осынысы үшін кешірім сұрайды.

Сатушылар (кассирлер) бір ғана сатып алған нәрсеңізге 4-5 мәрте рақмет айтып үлгереді.

Ағылшынның классикалық әндерін тыңдайтыныңызды естіп білсе, онда бірден өсіп шыға келесіз. Сізбен жаңа деңгейде әңгіме айта бастайды.

Елдің барлық бөлігіндегі мұражайларға кіру тегін. 

Бірде-бір үйсіз-күйсіз жануар жүрмейді. Оларды атып тастап немесе өлтірмесе керек-ті. Арнайы торда ұстайтын секілді.

Бірде-бір азық-түлік дүкені сағат 21:00-22:00-ден соң жұмыс жасамайды.

Жолаушылар әр уақытта өздері оқыған газет-журналдарды метро вагонында тастап кетеді. Келесі бір кірген жолаушылар қолдарына алып оқиды. Түптің түбінде, бір газет бір ғана адамды өзгертіп қоймайды.

Ағылшындар қонаққа барғанды қатты жақсы көреді. 

Көптеген агенттіктер алдап кетуге тырысады. 

Жылдық жауын түсімі 584 мм-ді құрайды. Рим мен Сидней өлкесіндегі түсімнен әлдеқайда аз. Міне, сондықтан, жауын-шашынды Лондон туралы аңыз қолдан жасалған. 

Барлық адамдардың қолдарында қолшатыр жүреді. Дәл біздің Алматы секілді.

Ағылшындар өкпешіл келеді. Байқамай қағып кетіп, кешірім сұрамай жатсаңыз, дұрыс тәрбие көрмегеніңізді айтып, ренжіп кетеді.

Адамдар кейбір мейрамханаларға кіру үшін таңғы сағат 5-тен бастап кезек ала бастайды. Үйреншікті жайт.

Әрбір көлік жүргізушісі (таксист) қатал емтихандардан өтеді. 

Ағылшындар көп жағдайда бакалавриатты бітіріп қана қоя салады, магистратураға түсіп әуре болмайды.

Cурет: hippi.in

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2542 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 20 маусым 2013, 14:17
Пікірлер
+0
20 маусым 2013, 17:45

Маған англия қатты ұнайды, бірақ ол жақта тұра алмайтын сияқтымын. Адамдар суық, қатыгез көрінеді. Ал ауа райы дәл маған ұнайтын ауа райы ғой ол жақта

+0
20 маусым 2013, 17:52

Маған да сондай ауа-райы ұнайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...