Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Еңбек демалысын өткізуге арналған ел

Еңбек демалысын өткізуге арналған ел

Еңбек демалысын өткізуге арналған ел

Ирландия өзінің ұзақ жылдық тарихында әлемдік өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан дәстүрі озық елдердің бірі. Бүгінгі жазбамызда осы мемлекетке қатысты көптеген қызықты мәліметтермен бөліскелі отырмыз.

Ирландия Еуропаның солтүстігінде орналасқан, оның батысында Атлант мұхиты, шығысында Ирландия теңізі жатыр. Мемлекеттің жалпы алып жатқан аумағы – 84 421 шаршы шақырым. Бұл аумақтың 83%-ы Ирландия Республикасына тиесілі болса, қалған бөлігі Солтүстік Ирландияның иелігінде. Ирландия Республикасын 26 графтықтан тұрады. Астанасы - Дублин. Солтүстік-Атлант ағысының әсерінен бұл жерде қатты ыстық та, қатты суық та болмайды. Жазда ауа температурасы 30 градусқа дейін ыситын болса, қыста аязды күндер тым аз болады.

Ираландияға еурпалық туристер "еңбек демалысын жақсы өткізуге арналған мекен" деген баға беріп отыр. Бай мәдениет пен тарихтың куәгері бола ала алатын Лимерик қаласындағы патша аралында орналасқан Джон Патшаның сарайы (King John's Castle), Шеннон өзені, Тори аралы, Донегол графтығы, Әулие Патрик шіркеуі, Мартелло флоты мен Қара құз саябағы, қалалық Яхт Клуб пен Таун Холл ғимараты, ескі кемелер жинақталған Теңіз мұражайы, Наут қорғаны, ежелгі Корк, Донегол, Уотерфорд қаласы, Алыптар Көпірі, Коннемара аймағы және де Инишмор, Инишман, Инишир аталатын аралдар қонақтарын риза қалдырудан таймай келеді.

Ирландияға виртуалды саяхат жасап, көрікті жерлерін көргім келеді десеңіз, төмендегі видео тек сіз үшін:

Мемлекеттің негізгі тілі: ағылшын және ирланд тілі.

Ирландияда «иктар»(ochtar) сөзі отбасындағы кіші баланы атау үшін қолданылады. Бұл сөздің мағынасы - "төменгі бөлік".

Ирландиялықтар іш ауруынан айығу үшін тірі құрбақаны жұтып қояды.

Ирландияның астанасы Дублин – "Қара тоған" деген мағынаны білдіреді.

Ортағасырлық кландар (рулық қауым) шотландиялық қыздарды әйелдікке алатын болған. Себебі, олар қыздарының жасуларына жалдамалы сарбаздарды қосып береді екен.

Дублин сарайының ішінде Поддл атты өзен ағады.

Ирландиялық әйелдер американдық әйелдерден бұрын дауыс беру құқығын алды.

Ирландия әліпбиінде 18 ғана әріп бар. Оларда J, K, Q, V, W, X, Y және Z әріптері қолданылмайды.

Мемлекет 1849 жылдың 18 сәуірінде «ire» деген атауын «the Republic of Ireland» деп өзгертті.

Ирландиялықтарша "Мен сені сүйемін" сөзі – "Tа cion agam ort" деп айтылады.

Мектеп оқушылары Патрик мерекесіне жасыл түсті киім кимеген сыныптастарын соққыға жығады.

Ирландияда осыдан біршама уақыт бұрын үлкен қыздың бірінші болып тұрмысқа шығу дәстүрі қатты сақталынатын болған. Онан кейінгі қыздар да жасына қарай ұзатылатын.

Ирландияда жөтелден арылу үшін жаңғақтан алынған май мен бал пайдаланылады.

Ирландияда жыл бойы денсаулығың мықты болсын десең Жаңа жыл мерекесі қарсаңында алма жеу керексің деген ғұрып бар. Сонымен қатар, Жаңа жыл таңында шырақ жағып отырып таңғы ас ішсең – сәттілік әкеледі деген сенім кең тараған.

Ирландия ешқашан жер сілкінісінің эпицентрі болмаған.

Еуропалық Одақ бойынша иттерді көп өсіретін ел – Ирландия.

Дәл қазір Ирландияда жергілікті тұрғынға қарағанда туристердің саны көп. Халықтың саны - 3,8 млн. болса, жыл сайын келіп-кететін туристердің саны - 5 млн.

Шашыңызды кескен болсаңыз, оны далаға тастауға болмайды. Шашылған шаштарды құстар өз ұяларын соғу үшін қолданатын болса, жыл бойы басыңыз ауырып жүреді деген наным қалыптасқан. Және бұл ырымға ирландиялықтар қатты сенетін болып шықты.

Поло ойынының Отаны (суда, ат үстінде доп ойнау) – Ирландия. Бұл ойын ең алғаш рет 1868 жылы Лимерик графтығында ойналды.

Зигмунд Фрейд "психоанализге түсіруге болмайтын жалғыз халық – ирландиялықтар" деп айтып кеткен екен.

Ирландияда ең көп таралған фамилия – Мёрфи. Бұл сөз "теңіз иті" деген мағынаны білдіреді.

Ирландияда сәуір айының алғашқы үш күні "қарызға алынған күн" саналады және бұл күні міндетті түрде нашар ауа-райы орын алатын көрінеді.

Ирландияда әр жылдың 29 ақпанында әйелдер ер адамға ұсыныс жасайды. Бұл дәстүр сонау ХІ ғасырдан бастау алады. Осы жағдайда ер азамат бас тартатын болсай айыппұл төлейді.

 

Суреттер: www.infokart.ru, photo.sankei.jp.msn.com, www.liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2482 8
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 маусым 2013, 18:27
Пікірлер
+0
19 маусым 2013, 21:31

біз сияқты ырымшыл екен және халқы өте аз ия!

+0
20 маусым 2013, 00:06

Ирландияда әр жылдың 29 ақпанында әйелдер ер адамға ұсыныс жасайды. Бұл дәстүр сонау ХІ ғасырдан бастау алады. Осы жағдайда ер азамат бас тартатын болсай айыппұл төлейді. :D

+0
20 маусым 2013, 00:18

Айгерім Сматуллаева, географиядан мықтысыңау дим))

+0
20 маусым 2013, 00:19

сайысқың келкема??))

+0
20 маусым 2013, 00:19

келема)) :oops:

+0
20 маусым 2013, 09:19

Нұржан Абдрайымов, айтарлықтай жақсы емеспін географиядан))) бірақ, Әлемтануда жазғанды жақсы көремін, оқырмандар шетелдіктер туралы аз-маз нәрсе болса да біле берсін деймін))) мықты болсаңыз, сіз де жолдаңыз осындай материалдар))) ааа айтпақшы, қандай сайыс ол? :) :D

+0
20 маусым 2013, 08:52

Ирландиялықтар іш ауруынан айығу үшін тірі құрбақаны жұтып қояды. Ужас қандай :roll: Қызықтырдыңдар ғо әбден

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...