"Барлық адамның жері"

"Барлық адамның жері"

Германия – туристік маусымның жыл бойына жалғасып, қонақтарын қарқ қылатын қонақжай елдердің бірі. Бұл бекер емес, себебі, ол Орталық Еуропаның ең көрікті мемлекеті. Германия - бүкіл құрлықтың тарихына айтулы өзгерістер енгізген атышулы мемлекет ретінде ерекшеленеді. Экономикалық дамудың жоғары деңгейінің, жанға жайлы әрі жан-жақты дамыған қалаларының арқасында Германиядағы саяхат көптің көңілінен шығып жүр. Альпі тауларының етегінде жатқан Бад Мергентхайме, Бад Орбе, Висбадене, Баден-Бадене шипажайлары әлем туристерінің алыстан арбалап іздеп келетін демалыс орнына айналып үлгерді.

Германияда сізді Рейна қыраттары мен ортағасырлық үздік сарайлар, мұражайға айналып кеткен көне ғибадатханалар, Баварияның ежелгі мәдениетінің озық үлгілері, Шварцвальд аймағы, тыныштық құшағындағы Балтық жағалауы, тарихи ескерткіштер күтіп тұр. Елдің оңтүстігі мөлдір өзендер мен тау шипажайларымен, шарап шығаратын өнеркәсіп орындарымен танымал.

Германиядағы көненің иісі мүңкитін Райнфелс (1250 ж), Сунек (1010 ж), Райнек (1832 ж), Райхенштайн, Райнбрайтбах, Айнбрайтбах, төрт мұнаралы Лойсдорф, қамалдар кешені Роландзек, Штольценфельс (1836-1842 жж.), Ланек (XIII ғ), екі ұлы қамал Штерренберг пен Либенштайн (XI және XIII ғғ.), Марксбург сарайы сынды ғимараттар алыстан қол бұлғайды.

Мына жерден Германияның ең, ең көрікті мекендерін тамашалай аласыздар:

 

Латын тілінде «Германия», яғни, «Allemagne» - «барлық адамның жері» деген мағынаны білдіреді. Бәрін айт та, бірін айт, салты сара, дәстүрі дара герман халқының өзіндік дара салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, мінез-құлқы таңырқамасқа қоймайды. Ендігі әңгіме неміс халқының ерекшеліктері туралы:

1. Германияда сыраның 5000 сорты, шұжықтың 1500 нанның 300 және минералды сусынның 500-ден астам түрі бар екен.

2. Сыра демекші, германдықтар сырасүйгіштердің көшін бастап тұр. Бұл жерде Октоберфест аталатын әлемдегі ең үлкен сыра фестивалі өтеді. Әлемнің әрбір үшінші сыра өндіруші зауыты Баварияда орналасқан. Германияда қызметкерлерге жұмыс күнінде бір шыны сыра ішуге рұқсат берілген. Олар шетелде өндірілетін сыраларға сенім білдірмейді.

3. Сағыз ең алғаш рет Германияда жасалды. Оны дүниеге әкелген Ханс Ригел. Сондай-ақ, бәрімізге жақсы таныс аспиринді де германдық Феликс Хоффман 1897 жылы жасап шығарды.

4. Германиядаға ең кең таралған спорт түрі - футбол. Германияның футболдан ұлттық құрама командасы планетамыздың ең үздік ойыншыларынан құралған.

5. Германияның полиция қызметкерлері "Мерседес" фирмасының машиналарын мінеді.

6. Немістер қақталған балықты білмейді және одан қатты қорқады.

7. Германияда жұмыс істемей-ақ, мемлекеттің әлеуметтік көмегі арқылы оп-оңай өмір сүруге болады. Бірақ немістер мұндай өмірді өздері үшін тым ұят, намысқа тиеді санайды. Мұнда жұмыс күні ерте басталып, ерте аяқталады. Фирмалардың басым бөлігінде қызметкерлер жасқа қарамастан "сен" деп сөйлеседі. Ресми құжаттардың соңы "Достық сәлеммен" деген фразамен аяқталады.

8. Неміс тіліндегі диалектілердің әртүрлілігі соншалықты оңтүстіктің тұрғындары сөйлегенде, солтүстіктегі телебағдарламалар субаудармашыларды пайдаланады.

9. Германия көшелерінде келе жатып, жергілікті тұрғыннан мекенжай сұрай қалсаңыз, қалтасынан әдеттегідей айфонын шығарады да, навигацияға қарайды. Жолды жақсылап түсіндіріп болғаннан кейін өз көлігімен апарып тастауға ұсыныс жасайды.

10. Ұлттық менталитет: немістер өздерінің денсаулығын өте қатты күтеді, өздерінің не ішіп, не жегендеріне қатаң есеп береді. Пәтерді жалдап тұру ең қалталы деген азаматтардың өзіне қалыпты жағдай, оларда жеке үйдің болуы аса маңызды емес. Татуировкалар мен пирсингтер неміс әйелдері мен ерлерінің арасында кең таралған. Неміс қыздары каблукты көп кимейді. Олар жануарлардың құқығын қатты қорғайды және зәбір көрсеткендерді қатаң жазалайды. Үй-жайы жоқ адамдар мемлекеттен ит алып бағады, себебі, ол үшін арнайы айлық төленеді. Олар ерте тұрып, ерте ұйықтайды. Қарым-қатынасқа келгенде немістер өте қонақжай әрі, кеңпейіл, досқа мейірімді. Қатты әсірелеудің де қажеті жоқ, олар жай ғана жақсы тәрбие алған. Германияда темекі шегетіндер тым аз.

11. Білім беру жүйесі: Неміс мектептерінде 1 - өте жақсы баға болса, 6 - ең нашар баға. Бастауыш мектептен кейін оқушыларды үлгерімі мен тәртібіне қарай жай мектептер мен гимназияларға бөліп тастайды. Ал университетке тек қана гимназия оқушылары түсе алады. Греманияда жоғары білім тегін беріледі. Университеттерде арнайы бекітілген бағдарламалар жоқ, студенттер өз курстарының бағдарламасын бірлесе жасайды. Академиялық бостандық сабақтарға кірмеуге, курс бағдарламасын өзгертуге, өз бетіңмен дайындалуға, қосымша сабақтарға қатысуға мүмкіндік берген. Университетке түсу үшін ешқандай емтихан қажет емес, неміс тілі мен ағылшын тілін жақсы меңгергендігі туралы қағаз өткізілсе жетіп жатыр.

12. Германияның балаларына бәрі рұқсат етілген. Олар не бүлдірсе де ата-аналары жауап береді. Ата-аналары жоқ болса, ешкім жауап бермейді. Бала велосипедпен еркін жүре алу үшін, міндетті түрде мектепте берілетін арнайы жүргізуші куәлігін алу керек.

13. Ол жақта кез келген затты жөндеуге беру жаңасын сатып алғаннан да қымбат екен.

14. Неміс қыздары осы уақтытқа дейін косметика қолданбаған, оларға боянуды үйреткен шетелден келген әйел-қонақтар екен. Германияда әйелдерден еркектер көп. Неміс әйелдері қол алысып амандасады.

15. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Германияда қыз бен жігіт кездесуге барғанда, әркім өзіне төлейді. Егер жігіт төлеген болса, қыздың шамасына сенбегені болып саналады.

16. Еуропадағы ең көпірі көп қала - Гамбург. Мұнда 2500-ден астам көпір бар екен. Қаладағы көпірлер Венециядан да (400), Амстердамнан да (1200), Лондоннан да көп.

17. Германиядағы орташа өмір сүру жасы: ерлер - 74, әйелдер - 79.

18. Немістердің бағалауынша елдегі ең лас қала Берлин екен.

19. Онда әрбір рұқсатсыз жұлынған гүл үшін 650 еуро айыппұл салынады.

20. Германияда Еуропаның ең үлкен аквасаябағы "Tropical Islands" бар. Аквасаябақ күндіз-түні жұмыс істейді. Мұнда жүзу бассейіні, жағалау, өсімдіктерге, құстарға, гүлдерге бай тропикалық орман, кафелер мен мейрамханалар бар тропикалық ауыл, балалар аймағы, мини-гольф, фитнес-клубтар мен сауналар, 27 метрлік төбешіктен басталатын (горка) аттракциондар бар. Әрбір ниет білдіруші адам әуе шарымен ұша алады.

 

Суреттер:turizmportal.ruturj.ru, pegas-int.com, vebidoo.de 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева