Ұшақ кабинасында түсірілген суреттер

Ұшақ кабинасында түсірілген суреттер

2007 жылдан бастап Дубайда жұмыс жасайтын араб ұшқышы Карим Нафатнидің екінші мамандығы – фотограф. Ол ұшқан кезде, фотоаппаратын серік қылып, өте әдемі суреттер жасап шығарған. 

Әлбетте бұндай фонда суретке түсіру екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Маңдайына жазылмағаны былай тұрсын, ұшып келе жатып, фотоға тартуды көз алдыңызға елестетіңізші?! Соның өзі ғаламат емес пе?! 

Ұшқыш кабинасының ішінен жер-әлем қалай көрінетінін Каримнің мына бір ғаламат туындыларынан көре аламыз. 

Ұшқыш-фотографтың суреттері осылайша биіктікті ғана емес, фотоөнердің де шыңын бағындырып отыр. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Karim Nafatni

М. Оңғарова