Қытайда ең аз уақытта ең биік зәулім үй салынбақшы (видео)

Қытайда ең аз уақытта ең биік зәулім үй салынбақшы (видео)

Қытайлық “Broad Sustainable Construction” компаниясы ұзақ әрі ауыр дайындық аралығының артта қалғанын және жақын таңда 7 аптаның ішінде әлемдегі ең биік “Sky City”  көк тіреген үйінін салынатынын мәлімдеді.

Чанша қалалық аймағының бос жатқан жеріне планетадағы ең биік үйді салудың қаншалықты қажеті бар? Жалпы, осы бір көк тіреген үйді салудан не пайда? Осы және де өзге де сұрақтар төңірегінде “Broad Sustainable Construction” компаниясы жан-жақты ақпар таратып, қытайлық азаматтардың жыл өткен сайын көбейіп бара жатқанын басты себеп ретінде алған тартқан.

“Sky City” жобасы бір уақытта көптеген әлеуметтік проблемаларды шешіп тастауы мүмкін. Аз уақытта соғылғалы жатқан зәулім үйдің ішінде толық бір инфрақұрылым шоғырланбақ.  Ол қатарда: мектеп, кеңселік ғимараттар, демалыс орталығы, білім беру ордалары және т.б.

Сонымен, жердің меңдей болған бір нүктесіне аз уақытта бір қаланың тұрғындарын жинап алу көзделіп отыр. Сол аралықта жаңа қоғам үшін жұмыс пен барлық керекті қажеттілік толығымен қарастырылмақ.

Айтпақшы, жаңа қаланың тұрғындары транспорт мәселесінде бас қатырмаса да болады. Себебі, жүйрік лифтілер кез келген бөлікке, кез келген уақытта жеткізеді деп жоспарлануда.

Cурет:polemika.com.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига