Журналист айласы

Журналист айласы

Токионың қайшалысқан көшесі. Метро аялдамасына жылжып кеп тоқтады. Франциялық Анна атты тілші кимелеген жұртты бұзып-жарып алдымен шықты да, қатты абыржыған бейнемен сақшыға: «Әмиянымды ұрлаттым, ұрыны ұстап беріңіз!» деді.

Сеңдей соғылысқан адамдарға қараған сақшы қабағын шытып, иығын бір көтерді де: «Ғафу етіңіз, ханым! Мұнша көп жолаушының бәрінің үстін тінтіп шығу қолымнан келмейді!» деді.

«Үсті-басын тінтпей-ақ қойыңыз, тек еркектердің етіктерін шештіріп, аяғының үстін қарасаңыз болғаны, ұрыны табуға болады» деді Анна.

«Мұның қалай?» деп сұрады сақшы.

Ұрының аяғының үстін аямай басқан едім, онда қалай да өкшемнің табы қалған болуы керек. Әліптің артын бақса, Анна ханым ығысып шығар есікке таяғанда кенет мұрнына темекінің иісі келеді, іле-шала арт жағынан бір еркек қолын Аннаның кеудесіне жүгіртеді. Токионың ұрылары үнемі метрода жүріп ұрлық жасайды, оны көрген кісі айқайласа пышаққа ілінбей қалмайды дегенді естігені бар еді. Сондықтан, Аннаның айғайлауға батылы бармай, артындағы адамның итергенінен ығысқан болып, аяғын қатты басып жіберген екен.

Сақшылар Аннаның айтқаны бойынша, шыға беріс есікке жиналып, еркектерді шетінен етігін шештіріп тексерді. Сол жақ аяғының үсті домбығып ісіп, қызарып кеткен бір еркекті байқады. Осы ісіктің формасы да Аннаның туфлиінің формасымен бірдей екен. Тексеру арқылы Аннаның әмияны табылды.

Есіктен шығар бере, біреулер Аннадан: «Сол кезде әлгі еркектің аяғын басқанда, басқа жолаушының емес, дәл ұрының аяғын бастым деп қайтып кесіп айта аласың?» деп сұрады.

«Егер басқа біреудің аяғын басып алған болсам, онда ол ойбай салып, мені жазғыра жөнелуші еді. Бірақ ол ләм деп тіл қатқан жоқ. Міне, бұл оның әмиянды ұрлағанын, осы жексұрын қылығының ашылып қалуынан қорқып үндемей қойғанын түсіндіреді» деді Анна күлімсіреп.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: news.com

M. Auelkhan