Көлік пішінді үй

Көлік пішінді үй

Көлік пішіндегі “Voglreiter Auto Residence” (“Фогльрайтердің резиденциясы”) көркем үйі дизайнер Маркус Фогльрайтердің иелігіне жатады. Аустриядағы Зальцбург қаласында шоғырланған.

Сәулетшіге осы бір тың ой қайдан келді дейсіз ғой?! 1970 жылдың тамаша күндерінің бірінде ісмер азамат ескі үйдің зор мүмкіндіктерін тереңнен тани отырып, ақыры қиялда туған "шындықты" ақиқатқа айналдыруға тырысқан.

Аталған көркем үй бір қараған жанға кіші болып көрінуі мүмкін. Алайда, ішкі әлемі (бөлмелері) бұл ойдан айнытары сөзсіз. Өйткені, сәулетшінің ішкі есебі бойынша бірінші орында жайлылық пен қолайлылық болған. Содан соң барып қана сән дейсіз бе, жалпылама нақты боямалар ретке келтірілген.

Екі бөлікке бөлінген Фогльрайтер мырзаның үйінде бүгінгі таңда үлкені мен кішісі, жасы мен кәрісі жарасымды тату-тәтті өмір сүруде...

Cурет:forum.dnestra.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига