Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жүгіңізді жоғалтсаңыз...

Жүгіңізді жоғалтсаңыз...

Жүгіңізді жоғалтсаңыз...

Жаздың жаймашуақ күндері төрімізден орын алып, көңілімізді көтеріп тастады. Және алдымызда бір жыл бойы асыға күткен демалысымыз келе жатыр. Ендеше, арамызда саяхатты армандап жүргендер бар шығар. Әлемтанудың бүгінгі кеңестері дәл осы саяхатты жоспарлап үлгерген оқырмандарға арналады.

Жүгін арқалап жүрмейтін жолаушы жоқ. Ал ол жүктің бір басында қаншама қиындықтар бар. Расымен де, не болмайды дейсіз, жоғалттыңыз, бұзып алдыңыз не болмаса шатасып кеттіңіз...

Мына көріністі көз алдыңызға елестетіңізші: сіз әуежайда транспорттық жолақтың алдында өз сөмкелеріңізді шыдамсыздана күтіп тұрсыз. Ал жолақ бес рет айналма жасап үлгерді, бірақ сіз күткен жүктің көрінетін түрі жоқ. Не істейсіз? Өзіңізбен бірге алған майда-шүйдемен саяхатты жалғастырасыз ба? Қиын жағдай деп осыны айтыңыз, әрмен қарайғы әрекетіңіз қалай болмақ?

Біріншіден, дүрлігіп жүрмеңіз. Әдетте чемодандарды жолаушы сапарына тиемегендіктен осындай жағдайлар орын алып жатады. Бұл жағдайда чемодандар өз қожайынын бірнеше күндерден кейін "қуып жетеді". Сондай-ақ олардың басқа рейспен ұшып келіп, сақтау аймағында "күтіп отыруы" әбден мүмкін.

Олай болса, сізге іздеу қызметіне жүгіну керек. Заманауи әуежайларда бұл қызмет Lost&Found деп аталады. Ол жерде стандартты бланктерді толтырасыз. Бұл қағаздардың пішіні әр әуежайда әртүрлі болып келеді. Көбіне жүкті жоғалатып алу туралы арыз я болмаса жүкті іздеу туралы квитанция түрінде кездеседі.

Мамандарға жеке төлқұжатыңызды, қондыратын (посадочный талон) талонды және жүк биркасын (тауардың, багаждың шетіне іліп қоятын мәліметі бар кішкене тақтайша) көрсетуге тиіссіз. Және де ондағы қызметкерлердің жан-жақты сұрақтарына түсінікті әрі толық жауап беру сіздің міндетіңіз екенін ұмытпаңыз.

Мүлікті жоғалтып алу туралы актіге өз жүгіңізді бүге-шүгесіне дейін сипаттап беріңіз. Осы актінің негізінде транспорттық компанияның уәкілдеріне өз талап-тілектеріңізді тізіп бере аласыз. Талап-тілекте қалай жоғалғандығы, қанша көлемде екендігі көрсетіледі. Компания сіздің жеке мүлкіңізді осы жағдайда ғана қорғай алады.

Өте ірі компаниялар іздеу жұмыстары барысында өз қажетіңізше (тіс пастасы, тіс щеткасы, іш-киім т.б) несие бере алады. Мұндай өтемақының көлемі 50 АҚШ доллары болуы мүмкін.

Жүкті сақтандыру(страховка)

Жоғалған немесе бүлінген жүктердің хикаялары аз кездеспейді, сондықтан да, өзге елге сапар шегер алдында, оларды сақтандырып қоюдың ешбір зияны жоқ. Заттарыңыз дұрыс жіберілмей немесе жоғала қалған жағдайда, сақтандыру компаниясы сіздің киімдеріңізді, аяқ киіміңізді және басқа да жеке заттарыңызды төлеп береді. Әдетте сақтандыру полистерінің бағасы 720-2400 теңге аралығында болады.

Сақтандырудың асыл тастарға, іскери қағаздарға, ақшаға, антиквариаттарға, бағалы қолжазбаларға, діни ғұрыптарға жауап бермейтіндігін есіңізде сақтаңыз.

Сақтықта қорлық жоқ!

Сақтансаң, сақтайды деген бар, барлығы да өзіңізге байланысты екендігін естен шығармаңыз. Сапарға аттанбас бұрын, жүктеріңізді бір пысықтап қойыңыз. Ашық түсті оқтаулағыш таспаны (изолента) алып, сөмкеңіздің немесе чемоданның бетіне жабыстырып қойыңыз. Барынша көрінетін етіп қою шатастырмас үшін өте ыңғайлы. Қолыңызға алып жүретін сөмкеге ең керек деген дүниелеріңізді салып алыңыз. Және де жүктің ішіне бағыттың мекенжайын, аты-жөніңізді, жеке телефон нөміріңіз жазылған бір жапырақ қағазды салып қойыңыз.

Жолаушыларымызға мұндай кедергілер мен қиындықтардан ада болып, аман-есен демалып қайтуларын тілейміз. Сапарыңыз сәтті болсын!

 

Суреттер:i-cherski.livejournal.com ,worldzap.ru,kakpravilno.biz 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1295 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 мамыр 2013, 17:42
Пікірлер
+0
22 мамыр 2013, 19:09

Жүгім жоғалғаннан сақтасын!

+0
22 мамыр 2013, 21:08

мәссаған,қызық кой ондаа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...