Қол күшімен айналатын әткеншектер

Қол күшімен айналатын әткеншектер

Үнемі жарық мәселесі күн тәртібінде тұрар болса және қуат көзі таусылып қала берген жағдайда жәрмеңкені қалай ұйымдастыруға болады? Еш қиындықсыз: ол үшін бірнеше жұмысшының қол күші арқылы айналма әткеншекті қозғалысқа келтіре саласыз. 

Үндістанның көлденең әткеншегі электроқозғалтқыштардың орнына акробаттар тобының жұмыс күшін қолданады: бірі әткеншектің айналу жылдамдығын өз қолына алса, ал енді біреуі шеңбер ішіне бар салмағымен секіру арқылы, жылдамдықты арттыруға тырысса, одан өзге келесі бірі аттракцион жүрісін бақылап отырады. 

Осы бір көрініске батыс елі өкілдері біршама таңырқаса да, Үндістан өз ішінде бұған еш мән бермейді. Бұл елдің тұрмыс-тіршілігі бұдан зорын көріп келеді Әр уақытта "қол күші" деген ұғым амал жоқтықтан қажеттілік тудырған. Тудыра береді де. Тіпті, "махаббат елінің" көптеген елді-мекендерінде бүгінгі таңда электроқозғалтқыш орнына жас жігіттер жұмылдырылуда. 

Экологиялық ахуалға зер сала отырып, механизацияның қарапайым тәсілі ретінде әлдеқайда жағымды әсер қалдырады дегіміз келеді, бірақ, жұмыс күші ретінде күнелтіп жүргендердің болашағын ойлай отырып ол ойдан бас тартамыз. Болмашы бір қателіктен өмірлеріне қатер туындауы мүмкін емес пе?! 
сурет:antif.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига