Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ниагара сарқырамасы жөнінде қызықты мәліметтер

Ниагара сарқырамасы жөнінде қызықты мәліметтер

Ниагара сарқырамасы жөнінде қызықты мәліметтер

Ниагара сарқырамасы әлемдегі ең керемет табиғи орындардың бірі екені белгілі. Ол жерге жыл сайын мыңдаған турист келіп, табиғаттың осы бір сыйын өз көзімен көреді. Олар үшін үлкен биіктіктен құлаған суды көру ешқандай қауіп төндірмейді.  

Сонымен, осы бір керемет сарқырама жөнінде қызықты жәйттерді назарларыңызға ұсынуды жөн санадық:

  • Ниагара сарқырамасы екі негізгі сарқырамадан тұрады: "Таға" (Horseshoe Falls) деген атпен белгілі канадалық сарқырама және АҚШ аумағындағы сарқырама (American Falls). 
  • Ниагара сарқырамасы мұз дәуірі кезінде орын алған мұздықтардың еруі салдарынан пайда болды. Бұл осыдан 10 000 жыл бұрын орын алды. 
  • Ниагара сарқырамасындағы судың жасыл түсті болуы тұздың көп мөлшерінен және үлкен бұрқақтың әсерінен эрозияға ұшыраған жергілікті топырақтың ерекшелігіне байланысты болады. Оның құрамында ізбестің өте көп мөлшері бар.  
  • Табиғи эрозия салдарынан сарқырама биіктігі жыл сайын бір футқа аласарып барады. Бұл 50 жылдан соң, сарқырама жойылады деген сөз. 
  • Ниагара сарқырамасы арқылы көліктерге арналған екі көпір салынған. Олар: Rainbow Bridge және Whirlpool Rapids Bridge.
  • Rainbow Bridge көпірі сарқыраманың төменгі ағысынан бірнеше жүз метр жерде орналасқан. Ол жерден сарқырамаға ең әдемі көрініс ашылады.  
  • АҚШ-тағы ауыз судың 20%-ы осы сарқырама арқылы өтеді.    
  • Осы күнге дейін көптеген адамдар Ниагара сарқырамасын бағындыруға талпынды. Бірақ олардың көпшілігі адамдардың жан тапсыруымен немесе жарақат алуымен аяқталды. Қазіргі кезде адамдардың әр кездегі сарқыраманы бағындыруға талпынған оқиғалары жазылған арнайы мұрағат бар. 
  • Қазіргі кезде сарқырамаға арнайы тур саяхаттар ұйымдастырылып тұрады. Олар мінген кеме сарқыраманың тура астына дейін жүзіп бара алады. Мұндай саяхат 1846 жылдан бастап іске қосылған. 
  • Ниагара сарқырамасының төменгі жағынан көрінетін қоңыр түс құлаған бірнеше тонна судың салдарынан көтерілген топырақтың әсерінен болады. 
  • Сарқырамадан құлаған балықтардың 90%-ы тірі қалады.  
  • "Ниагара" атауының шығуына байланысты ғалымдар арасында бірнеше тұжырым бар. Солардың бірі сарқыраманың атауы жергілікті тайпалардың "Ongniaahra" деген сөзінен шыққан дейді. Бұл сөз "Жердің екіге бөлінген нүктесі" деген мағынаны береді. 
  • Ниагара сарқырамасы жөнінде және оны декорацияға пайдаланған бірнеше фильм түсірілді. Олар: Мэрилин Монро және Джозеф Коттен қатысқан "Niagara", "Superman II" (1980), "Ниагара: Ғажайыптар, мифтер және магия", "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмдері және тағы басқалар. 
  • Әр жыл сайын сарқыраманы тамашалауға 25 миллион турист келеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mail.ru 

14185 3
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 25 сәуір 2013, 12:31
Пікірлер
+0
25 сәуір 2013, 13:12

көргім келетін жерлер тізімінде!

+0
26 сәуір 2013, 15:11

Пираты Карибского моря:На краю света

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...