Қалам ұштаудың хас шебері

Қалам ұштаудың хас шебері

Мультипликатор, әзілкеш және қарындаш ұштаудың хас шебері Дэвид Риз керемет мүмкіндіктердің иесі: көз алдыңызда ұштаған өз қарындашы үшін 15 долларды қалай төлегеніңізді білмей қаласыз. Өз ісіне ұқыпты әрі үлкен дайындықпен баратын шебердің ұстаханасында қолданылар аспап түрі жетерлік. Бәкіден бастау алған арнаулы заттар егеуқұм қағазымен аяқталып жатады.

Отыз тоғыз жастағы кәсіпкер бұған тыңғылықты көзқараспен қарағандықтан, әр жолғы қанаттану мен шабыттандырулардан кейін жеке сайтын ашып алыпты (artisanalpencilsharpening.com). Аталған беттің парақшасынан кез келген қолданушы нақтылы әрі сапалы өнімнің куәсі болмақ. Бар-жоғы он бес долларға қарындашыңызды бұрын-соңды болып көрмеген жарқын келбетке бөлеп, арнайы кепілдеме қағазымен жолдап жібере алады.

Ұшталған қарындаштың арқасында қолайлылық пен кең көлемде жұмыс уақыты қалыптаспақ. Айтпақшы, қарындаштан басқа дүниелерге де енді ауыз салып жүрсе керек.

Сізге де біреуін жолдап қалар...

сурет:www.dailymail.co.uk

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига