Шегі жоқ көркемөнер

Шегі жоқ көркемөнер

Флоридада елден ерекше, бір қарағанда қызық көрінетін көркемсурет галереясы ашылып отыр.

Тампедегі зообақ қызметкерлері осы бір мысық тұқымдастар салған суреттерді сатылымға шығарыпты. Барыс пен сібір сілеусіні және қабылан сынды суретшілер бар еңбектерін аямауда. Осы тұста бір айта кетерлігі, аталған шарадан түскен қаржының бәрі жануарларды қорғау мақсатында жұмылдырылмақ.

"Жабайы табиғат" өкілдерінің уытсыз боялуармен салған суреттері балалар әлемін таң-тамаша қалдырары сөзсіз. Мүмкін, сізді де...

 

сурет:uropaplus

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига