Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Әлемнің ең қарт адамы 116 жаста

Әлемнің ең қарт адамы 116 жаста

Әлемнің ең қарт адамы 116 жаста

Жапония тұрғыны Канэ Танака Гиннестің рекордтар кітабына әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде енді. 

Канэ Танака 1903 жылы 2 қаңтар күні көпбалалы отбасыда дүниеге келген. 19 жасында тұрмыс құрып, күйеуі Хидео Танакамен төрт туған және бір асыранды баласын өсірген. 

Әлемнің ең қарт адамы күнде таңғы алтыда тұрып, кешкі сағат тоғызда ұйықтайды екен. Ол математика мен үстел ойындарына қызығады. Сондай-ақ тәттіге де құмар. Өмір бойы күйеуі екеуі ашқан күріштен дайындалған моти шелпектерін сататын дүкенде жұмыс істеген. 1970 жылдары зейнетке шыққан. Ол тек 103 жасында ота жасатқан екен. 

Канэ Танака отандасы Тиё Мияконың қазасынан кейін әлемнің ең қарт адамы танылды. Өткен аптада Канэ Танакаға абыройлы атақты ресми тапсыру рәсімі өтті. Ол жалпы алғанда 116 жыл 66 күн өмір сүрген. Қазір Канэ Танака Жапонияның Фукуока префектурасындағы қарттар үйінде тұрады. 

Time Magazine және New York Times басылымдары әлемнің ең кәрі адамы 256 жыл өмір сүргенін жазған. Ли Чинг-Юн есімді адам өзінің 1736 жылы туғанын айтқан. Алайда 1930 жылы Minkuo университетінің профессоры әрі деканы Ву Чанг-шин Лидің 1677 жылы туғанын дәлелдейтін жазбаға кезіккен. Ол жазбада Қытай үкіметінің Императоры Лиді 150 және 200 жылдық мерейтойымен құттықтаған екен.

Осы уақытқа дейін әлемдегі ең кәрі адам ретінде Жанна-Луиза Кальман танылып келген болатын. Ол 122 жыл, 64 күн ғұмыр кешкен. Жанна-Луиза Кальман Францияда өмір сүріп, 1997 жылы өмірден өтті. Жанна екі бірдей дүниежүзілік соғысты, адам баласы Айға ұшқан күнді, интернеттің ең алғаш пайда болып, дами бастаған кезін өз көзімен көре алды. Егер Minkuo университетінің профессоры әрі деканы Ву Чанг-шиннің жазбасы ресм түрде дәлелденсе, әлемдегі ең кәрі адам рекорды 134 жасқа ұзара түседі. Ли Чинг-Юн хикаясының жалған-өтірігі әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: NBC News
Қосылған күні: 12 наурыз, 07:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.