Адамзат тарихындағы ең қымбат сәулет тундылары #2

Адамзат тарихындағы ең қымбат сәулет тундылары #2
Фото: vilingstore.net

Осының алдында ғана адамзат тарихындағы ең қымбат сәулет тундылары туралы ақпарат берген болатынбыз. Бұл жолғы ақпарат соның жалғасы. Көлемі жағынан, сапасы мен экономикалық тұрақтылығы жағынан аталған сәулет туындылары жыл сайын салынбаса, тоқтаған емес. Тіпті ақша қорларының өзі сіз ойлаған сомалардан әлдеқайда көпке шығып кеткен.

Дубайлэнд – 76 миллиард доллар.
Аталған құрылыс 2008 жылға дейін ақша қорының аздығына байланысты жұмысы тоқтатқан. Тек 2013 жылдан бастап қайта қаржыландырумен салынған. Құрылыс аяқталғаннан кейін Дубайлэнд әлемдегі  ең үлкен және ең керемет көңіл көтеру орталығына айналмақ. Яғни Дисей саябағы, Imax театры және көптеген жобалар қарастырылуда. Бұл сәулет туындысы «Мың бір түн» шығармасының негізінде қаланады.

King Abdullah экономикалық қаласы – 86 миллиард доллар.
Мекке қаласынан бір сағаттық жерде орналасқан құрылыс Біріккен Араб Әмірлігіндегі ең керемет қала болмақ. Қала көптеген түрлі қонақ үйлер мен көңіл көтеретін орындармен толықтырылады. Университеттер мен әуежайлар түседі. Әлемдегі ең биік Бурдж Халифа орталығының қабырғасын қалаған Emarr компаниясы аталған жобаның да негізін қалаушылар.

Қашаған жазығы – 116 миллирад доллар.
Каспий теңізінде орналасқан Қашанған жазығы, әлемдегі ең үлкен мұнай алқабы болып саналады.  Жалпы Қашаған мұнай шығанағының ашылғанына қырық жылдан асып кетті. 116 миллиард доллар аталған құрылыстың құрылымына кеткен. Мұндағы жалпы мұнай қоры он үш миллиард баррель. Аталған құрылысқа әлемдегі ең мықты Shell, Exxon Mobil, China National Petroleum Corp., ҚазМұнайГаз, INPEX және AgipKCO компаниялары өз үлестерін қосып отыр.

Халықаралық космос станциясы – 150 миллиард доллар.
Ғылыми- зерттеу орталығы ретінде салынған ХКС – әлемдегі ең үлкен құрылыстың бірі. 150 миллиард доллар өте көп ақша екенін білгенімізбен, оны әлемдегі ең мықты державалар бөлісіп шығарған: АҚШ, Ресей, Канада, Жапония, Бельгия, Дания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Испания, Швеция және Швецария елдері. Ең қызығы аталған құрылыс жұмысын 2020 жылы аяқтайды. Ал аяқталған соң оның қалдығы мұхит түбіне тасталады.

Америкалық тас жол жүйесі – 459 миллиард доллар.
2015 жылы Америкалық тас жол жүйесі Штаттарды байланыстыратын жолдардың салыну жалпы құны – 459 миллиард доллар көрсеткенін айтқан. Аталған жолдар президент Дуайт Д. Эйзенхауэрдің жобасы бойынша әскери техникаларға арналып салынған. Жоба 1956 жылы басталды.

М. Ақан