Күзгі фестивальдер

Күзгі фестивальдер
Фото: wallpapercave.com

Күз – астық пен байлықтың мерзімі десек артық етпес. Ал кей елдерде бұл мерзім – мейрамдардың маусымы. Қай елдерде дейсіз бе? Олай болса, осы жазбамыздан біле аласыздар.

Кайман аралы, Үлкен Кайман, "Пираттар аптасы"

Музыка, билер, ойындар мен костюм киген адамдар бәрі бәрі пираттар аптасының ажырамас бөлігі. Мейрам әскерлердің басып кіруінің көрінісімен ашылады. Он жетінші ғасырда болған кемелерге ұқсатып жасалған екі галеон басқа да кемелермен бірге Үлкен Кайманның айлақтарының біріне басып кіреді. Әр жылда жаңа көрініс қойылады, бірақ негізгі мақсаты өзгермейді, яғни, пираттар қаланы жаулап алады да, басқарушысын қамауға алады. Әдетте "Пираттар аптасы" қарашаның ортасында өтеді екен.

Пуно, Перу, "Перінің биі"

Пуно ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрді сақтап келетін Перудің фольклорлы астанасы саналады екен. Сондай ата дәстүрлерінің бірі "Ла-Диаблада" немесе "Перінің биі" мерекесін өткізу. Бұл мейрамда адамдар түрлі-түсті костюмдер киіп алып билейді. Аталған мереке әдетте қараша айының басында өтеді екен. Бір «әзәзілдің» басқаруымен бірнеше "пері" түрінде шығатын ер адамдардың биі көрсетіледі. Бұл дәстүрдің шығу тарихы белгісіз. Бұл мерекені әрбір оңтүстік Американың елдері өзіндік нұсқада өткізеді екен.

Англия, Шығыс Суссекс, "Түнгі фейерверк"

"Түнгі фейерверк" Англияда жыл сайын 5 қарашада өтетін мейрам. Олардың басты ерекшелігі – отшашулар мен фейерверктер аспанда үлкен отты шоу жасайды. 1605 жылы католиктер тобы Парламент ғимаратын жаруды ойластырған еді. Алайда, бұларынан түк шықпаған еді. Бұл террорлық әрекеттің қатысушыларының бірі Гай Фокс еді деген дерек бар. Бұл мереке бұрынырақта соның атымен "Гай Фокс түні" деп аталған екен. Бұл түні фейерверктерден басқа Гай Фокстың сабаннан жасалған тұлыбын өртеуді көруге болады. 

Оахака, Мексика, "Өлілер күні"

"Өлілер күні" – әлемдегі ең танымал мейрамдардың бірі. Оның мақсаты дүниеден қайтқан адамдарды еске алу. Бұл мерекенің символдары – карамельден жасалған адамның бас сүйегі пішініндегі кәмпиттер мен әйел адам бейнесіндегі әртүрлі костюм киілген қаңқалар. Мейрам қараша айының бірінші күндерінде екі күн бойы жалғасады. Сонымен қатар бұл мерекеде "өлілер наны" атты арнайы нан пісіріліп, карнавал өтіледі.

Е. Жұмабайұлы