Байкал көлі Арал тағдырын қайталауы мүмкін

Байкал көлі Арал тағдырын қайталауы мүмкін
Фото: inform.kz

Байкал көлінде экологиялық қауіп төніп отыр және шаралар қолданбаса, кезінде Арал теңізіндей жоғалып кетуі мүмкін, деп жазады ел үкіметі мен жетекші энергетикалық компаниялардағы дереккөздерге сілтеме жасаған баспасөз.

Моңғолияның Селенга өзенінде (көлге 80 пайызға дейін судың келуін қамтамасыз етеді) және оның тармақтарында үш ірі гидростансаны салу жоспары Байкалдың экологиясына қайта орны толмайтындай зардабын тигізуі мүмкін. Энергетика министрлігінде өткен жабық кеңесте осындай мәліметтер келтірілген.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы