Facebook тарихындағы ең танымал ролик

Facebook тарихындағы ең танымал ролик
Фото: youtube

37 жастағы америкалық Кэндис Пейн (Candace Payne) "Жұлдызды соғыстар" фильмінің кейіпкері Чубакканың маскасын сатып алғаны жайлы әңгімесі туралы видео Facebook әлеуметтік желісінің ең танымал ролигі болды.

Әйел ойыншықтың шығаратын дыбысына назар аударады. Оның күлкісі мен масканың шығаратын дыбысы ағылшынша білмейтін адамдардың өзін күлкіге қарық қылды. Екі күннің ішінде Техас тұрғынының видеосы 132 миллион рет көріліпті. Қолданушылар видеоға көптеген пікір қалдырып, миллиондаған лайк басқан.

С. Ерсін