Арабтар ауа райын өзгерту үшін жасанды тау тұрғызбақ

Арабтар ауа райын өзгерту үшін жасанды тау тұрғызбақ
Фото: saga.ua

Біріккен Араб Әмірлігі әлем халқын таңдандырудан жалығар емес. Жақында жергілікті басшылық ауа райын өзгерту үшін жасанды тау тұрғызу жобасын қолға алған.

Біріккен Араб Әмірлігі – әлемде жаңбыр аз жауатын елдердің бірі. Аптап ауа райынан мезі болған жергілікті халық пен басшылық жаңбырдың жылдық мөлшерін көбейту мақсатында түрлі жобаларды қолға алуда. Соның бірі – жасанды тау тұрғызу арқылы ауа райын өзгерту.

Ғалымдар БАӘ жерінде бұлттың болатынын, ал оның тұрақтап қалуы үшін тау жоталары қажет екенін алға тартып отыр. Егер ғалымдардың айтып отырған зерттеулері ақиқат болса, ел басшылығы жасанды тау қыраттарын тұрғызуға қыруар қаржы бөлуге дайын екен. Қазіргі таңда бұл жобамен америкалық ғалымдар айналысып жатыр. Олар таулы қырат соғылса, ауа райының өзгеретініне сенімді.  

Ө. Сансызбай