Мариан ойпатынан табылған түрі ерекше медуза (ВИДЕО)

Мариан ойпатынан табылған түрі ерекше медуза (ВИДЕО)
Фото: fuyoh.com

АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеу басқармасының Okeanos Explorer экспедициясы қатысушылары медузаның бұрын белгісіз болып келген түрін тапты.

Сыртқы бейнесі ерекше су асты мекендеушісін Мариан ойпатындағы Энигма аталатын су асты тауын зерттеу кезінде терең су асты аппаратының камерасы  түсіріп алған. Суретші салған бейнеге көбірек келіңкірейтін шар тәріздес медуза 3 700 метр тереңдіктен табылды.

The Washington Post газетінің жазуына қарағанда, бұл – жыртқыш медуза. Оған роликтің басында байқалатын су асты жәндігінің ұзын қармалауышы мен тапжылмай тұрғаны дәлел болады.

Ғалымдар оны бастапқыда Crossota тұқымдасына жатқызды, оған барлық өмір сүру циклінде қалқып жүретін медузалардың бес түрі енгізілген.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы