Үш ғасырлық кітапхана

Үш ғасырлық кітапхана
Фото: boredpanda.com

Ең ежелгі әрі ең бай кітапхана Дублинде орналасқан, дәлірек айтқанда, Тринити-колледжінде. Қорда 200 мыңнан астам кітап сақталған. Ұзындығы 65 метрді құрайтын кітапхана 1712-1732 жылдар аралығында салынған.

1801 жылы кітапхана Ұлыбританияда және Ирландияда жарық көрген барлық кітапты көшіріп алу мүмкіндігіне ие болған.

Кітапханада 1200 жыл бұрын монахтар жазған Келлс кітабы да осы кітапханадан табылады. Бір ғасыр бұрын жазылған Ирландия Республикасының ресми түрде жария болғандығын растайтын құжаттардың көшірмесі де сақталған екен.

Г. Берік