Ән айтып кездейсоқ шоуға түсіп қалған жігіт

Ән айтып кездейсоқ шоуға түсіп қалған жігіт
Фото: youtube

Әнді сүйіп тыңдайтын америкалық жігіт жанармай бекетінде Америкадағы ең беделді шоу бағдарламасының біріне түсіп қалды. Америкалық күндегі әдеті бойынша көлігін жанармаймен толтырып, ән салып тұрған кезінде кенеттен жанармай бекетіндегі теледидардағы көрсетіліп жатқан шоу бағдарламасына тұспа-тұс келіп қалады. Шоу жүргізушісі ән салып тұрған азаматқа сөйлей бастайды. Алғашында оған аса мән бере қоймаған америкалық жанармай колонкасын ұстап, әнін жалғастыра береді. Алайда жүргізуші оны тоқтатып: "Иә мен сізге, ән айтып тұрған азаматқа, айтып отырмын" деп өзіне қаратады. Бұған аң-таң болған жігіт түсінбей, өмірде әрдайым көңілді жүретіндіктен бірден әңгімелесіп кетеді. Содан шоу жүргізушісі онымен біраз әңгімелесе келе оның ән айтқанды жақсы көретінін байқап, тап сонда тұрып өзінің сүйікті әнін шырқап беруін сұрайды. Кейіннен оған әйелі де қосылады. Сонымен тамашалайық!

С. Ерсін