Серфер акуланы өз аяғымен ұрып өлтірді

Серфер акуланы өз аяғымен ұрып өлтірді
Фото: www.blastr.com

Аустралия елінің Маручидор қаласында адам айтқысыз оқиға болды. 42 жастағы серфер аяғын жұлып алған акуланы сол аяғымен өлгенше сабап өлтірген.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:40-та болған. Аустралиялық серфер жанталас кезінде литрдан астам қан жоғалтқан. Десе де, жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде келіп, оны жақын жердегі ауруханаға жеткізген. Науқастың айтуынша, ол серфер тақтайшасында отырған кезде акула оның аяғын жұлып алады. Ал ол болса, аяқты жыртқыштың аузынан жұлып алып, жойқын-жойқын соққы жасап өлтірген. 

Тексеріс барысында ветбақылау өкілдері оның сөзін растаған. Олар қанға малынған, акуланың өлі денесін көрген. 

 
Н. Нұрмаханұлы