"Бұзық" қалаға тыныштық қалай орнады? (видео)

"Бұзық" қалаға тыныштық қалай орнады? (видео)
Фото: lifter.com.ua

Мексика еліне қарасты Палмитас қалашығында Пачука атты атышулы аудан бар. Бұл аудан өмір сүрудің қалыпты жағдайынан айырылған болатын. Өйткені, Палмитас қалашығында қылмыс жасау қалыпты жағдай. Жасөспірімдер ес білгеннен бастап зорлық-зомбылықты көзімен көріп, қолымен істеп өссе, қала тұрғындары бопсалаушы топтардан қысым көруден көз ашпай келген.

Ел үкіметі жастар ұйымымен және көше өнерімен шұғылданатын жандармен бірлесе отырып, осы мәселеге байланысты үлкен бастама көтерген. Қала өмірін тұрақтандыру үшін граффити өнерімен айналысатын «Germen Crew» тобы 209 үйдің (немесе 20 000 шаршы метрді) сыртын түрлі түспен бояп шыққан. 

1808 адам қатысқан жоба көп адамның алғысын алған. Қорқыныштары мен үрейлері сейілген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі осы жоба басталғалы қалашықта бейбіт өмір орнаған. Тұрғындар арасындағы қарым-қатынас нығая түскен.

"Әдемілік әлемді құтқарады" деген сөздің жаны бар. Сөзімізге айғақ болсын. Мына суреттерден қорқынышты қалаға берекелі күннің қалай келгенін тамашалаңыздар.

Міне, адамнан айла таусылған ба? Егер өзіміз шын қаласақ, қардың да лапылдап тұрып жанатынын ұмытпайықшы...

Е. Жұмабайұлы