Қытайдағы Янцзы өзенінде 460 адам мінген кеме апатқа ұшырады

Қытайдағы Янцзы өзенінде 460 адам мінген кеме апатқа ұшырады
Фото: tn.kz

Қытайдағы Янцзы өзенінде бортында 458 адамы бар кеме апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Xinhua. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

"Шығыс жұлдыз" кемесінің құтқарылған капитаны мен бас менеджері кеменің дауылға шыдамсыз екенін мәлімдеді. Бортта 405 жолашы (Қытай азаматтары) және 47 экипаж мүшесі, сонымен қатар турагенттіктердің бес жұмысшысы болған.     

Кеме Нанкиннен Қытайдың оңтүстік батысындағы Чунцинге қарай бағыт алған. Қазір сегіз адам құтқарылды. Құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап отыр. 

М. Бисембаева