Әлемдегі ең үлкен қонақ үй Меккеде ашылады

Әлемдегі ең үлкен қонақ үй Меккеде ашылады
Фото: storage.journaldemontreal.com

Әлемдегі ең үлкен қонақ үй 2017 жылы Мекке қаласында ашылады. Сауд Арабияда кірпіші қаланатын қонақ үй "Абрадж Кудаи" деген атауға ие болған. Қонақүй аталған елдің Қаржы Министрлігінің қаржыландыруымен салынбақшы. Ғимаратты салу үшін 3,6 миллиард АҚШ доллары жұмсалады деп жоспарлануда.  

Оның ішінде, 10 000 жатын бөлме, 70 мейрамхана мен 4 тікұшақ қонатын айлақ болады. Қонақ үйдің құрылымында араб отбасыларына ғана арналған 5 қабатты кешен бар.

12 мұнарадан тұратын 45 қабатты қонақ үйден бөлек, автобус бекеті, би алаңы, мейрамханасы бар 10 қабатты ғимарат салынады. 

Е. Жұмабайұлы