Шерлок Холмс музейі

Шерлок Холмс музейі

Атақты жансыз Шерлок Холмс пен оның серіктес досы дәрігер Ватсонды білмейтін адам жоқ шығар. Оның тапқырлығы мен байқағыштығы аса жоғары деңгейде болғандықтан, оқырмандар оны тез қабылдады. Тіпті, оған арнап музей де салғызды.

Лондон қаласындағы Шерлок Холмс музейі қаладағы ең танымал және адамдар ең көп  келетін мекендердің бірі саналады. Ол 1990 жылы ашылған. Содан бері Артур Конан Дойл кейіпкерінің үйі шынайы өмірде пайда болды. Ол Риджентс саябағына жақын аймақта Солтүстік Бейкер-стритте № 239 пәтерде орналасқан.

Төрт қабатты викториан үлгісіндегі үй 1815 жылы тұрғызылды. Оның сыртында «221b Baker Street» жазу тақтайшасы ілініп тұр. Музей үйін жасаушылар жеке пошталық мекенжайдың болғанын қалапты. Көп қабатты үйдің өзі 1860-1936 жылдар аралығында табыс үйі ретінде қолданылған. Мұнда Холмс пен Ватсон Хадсон ханымның үйінде жиі тұрақтайтын болған. Шығармаға сәйкес, ол кездері Лондон қаласында мұндай мекенжай атымен болмаған.

Музей үйінің ішкі құрылымы толығымен туынды авторы Конан Дойлдың сипаттағанындай жасалған. Пәтердің ішінен скрипка,  киіз қалпақ, шыбық, Ватсонның әскери револьверін, медицина кітабы және темекі трубкасын көруге болады.

Музейдің бірінші қабатында базарлық дүкені орналасқан. Екінші қабатында Шерлоктың жеке кабинеті, қонақ бөлмесі және ас бөлмесі тұр. Үшінші қабатта дәрігер Ватсон мен Хадсон ханымның бөлмелері жайғасқан. Ал төртінші қабатты тек шаруалық істерге арнаған. Қазір онда атақты кітап кейіпкерлерінің мүсіндері қойылған. Музейге келушілер суретке түсіп, базарлық сатып алады. Сонымен қатар Шерлок Холмстың визиткасын ала кетеді. 

Сурет: uk.wikipedia.org,loveopium,venividi,www.fashion-bird.com

Оқи отырыңыз:

Гуэль саябағының қызықтары

1500 жыл бойы өсіп келе жатқан Періште емені

Бұл ауылда көшенің орнында өзен ағып жатыр

Үтікке ұқсайтын Флэтайрон Билдинг ғимараты

Н. Нұрмаханұлы