Билл Гейтс бәрінен де дәулетті болып шықты

Билл Гейтс бәрінен де дәулетті болып шықты

Билл Гейтсті Forbes журналы 16-шы рет ғаламшардың ең бай адамы деп атады, деп хабарлады Би-би-си. Бұл туралы inform.kz жазды.

Microsoft компаниясының негізін қалаушы миллиардерлер тізімінде екінші болып тұрған мексикалық кәсіпкер Карлос Слимнің алдына шықты.

Жыл ішінде Гейтстің дәулеті небары 3 миллиард долларға өсті. Биылғы 13 ақпанда бұл сома 79 миллиардты құрады.

Forbes әлемдегі миллиардерлердің саны рекордтық көрсеткішке - 1826 адамға жеткенін жазады, бұл өткен жылғыдан 181 адамға көп.

Соңғы 21 жылда Билл Гейтс Forbes тізімін 16 рет бастады.

Америкалық инвестор Уоррен Баффетт 72,2 миллиард доллармен үшінші орынға оралып, киім өндіруші испаниялық Zara фирмасының негізін қалаушы Амансио Ортегоның алдына шықты.

Сонымен, 2015 жылғы ең бай адамдардың алғашқы ондығы мынадай:

1. Билл Гейтс - 79,2 млрд (Microsoft)
2. Карлос Слим - 77,1 млрд (Телекоммуникация және құрылыс)
3. Уоррен Баффет - 72,7 млрд (жаһандық инвестор)
4. Амансио Ортега - 64,5 млрд (Zara және басқалары)
5. Ларри Эллисон - 54,3 млрд (Oracle)
6. Чарльз Кох - 42,9 млрд (өнеркәсіпші)
7. Дэвид Кох - 42,9 млрд (өнеркәсіпші)
8. Кристи Уолтон - 41,7 млрд (Walmart)
9. Джим Уолтон - 40,6 млрд (Walmart)
10. Лилиан Бетанкур - 40,1млрд (L'Oreal). 

сурет: playground.ru

Е. Қайрахан