750 жылдық ағашты өртеген кісі 10 жылға сотталады

750 жылдық ағашты өртеген кісі 10 жылға сотталады

Польшаның батыс-солтүстігіндегі 750 жылдық өмірі бар ағашты бұзақылар өртеп кеткен. Ағаштың биіктігі 28 метр, диаметрі 12 метр. Ағаштың аты да бар, жергілікті тұрғындар бұл ағашты қасиетті санап Chrobry деп атайды екен. Бұл атты орта ғасырдағы Польша патшасы қойған. Бұл ағаш мемлекет жағынан қорғалатын нысандардың бірі болып табылады, сондықтан да оған өрт қойған қылмыскер қолға түссе ең кемінде 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша өрт өшірушілер тілсіз жауды сөндіруге 30 сағат уақыттарын жұмсаған. Геолог мамандардың айтуынша келер жылдың мамыр айында ғана бұл ағаштың өрт себебінен өлген-өлмегенін анықтауға болады екен. Өрт өшірілгеннен кейін жергілікті орманшылар ағаштың күйік шалған бұтақтарын кесіп тастаған, өйткені, келесі көктемде ағаштың кесілген жерінен жаңа бұтақ шығып, бүр жаруы мүмкін дейді олар.

Сурет: gamescom.at.ua

M. Auelkhan