Әр мемлекеттегі адамдардың бір күндік асы

Әр мемлекеттегі адамдардың бір күндік асы

Калифорниялық фотограф Peter Menzel мен оның әйелі Faith D’Aluisio үш жыл бойы әлемнің 30-дан астам еліне саяхат жасаған. Ерлі-зайыптылар бұл сапарларында түрлі шығармашылық ізденістерге барып, зерттеулер жүргізген. Олар әр түрлі ұлт өкілдерінің бір күндік асы қандай болатынын білу мақсатында арнайы фотосесиялар ұйымдастырады. Суреттерден әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін де байқауға болады. 

Мәселен жоғарыдағы суреттен біз неміс қызы Робин Вайзер-Линнартзаның наубайханасын көре аламыз. Оның бір күндік асы 3700 калориядай болады.

Каирдегі түйе сатушы. Оның бір күндік асы 3200 калориядан тұрады. 

Қытайдағы Шанхай университетінің студенті Чэнь Чжэнь. Оның тәуліктік асы 2600 калориядан тұрады.

Эквадордың Тинго ауылында өмір сүретін фермер әйел – Мария Эрмилинда Айма Сичигало. Ол бір тәулікте 3800 калориялы тағам тұтынады екен.

Инуиттық сабын жасаушы Вилли Ишулутак. Ол әр күн сайын 4700 калориялы тағам қабылдайды.


Қытайдың Шанхай қаласында тұратын штаттан тыс графикалық дизайнер әрі геймер Сюй Жипенг. Оның бір күндік асы 1600 калория болады. 

Канадалық қызметші Нейл Джонс бір күнде 2600 калориялы тағам тұтынады.

АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны, таксист Дин Мемон. Қарапайым бұл таксисттің бір күндік тағамы 2000 калория болады.

Каракас (Венесуэла) орта мектебінің оқушысы Кэтрин Навас. Ол бір тәулікте 4000 калориялы тағам жейді.

Америкалық алысқа қатынайтын жүргізуші (дальнобойщик) Конрад Толби бір күнде 5400 калориялы тағам жейді екен.

Қытайдың Сычуань провинциясының фермері Лан Гуйхуа. Оның бір тәулікте жейтін тағамдарының калориясы 1900 болады.


Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан