Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Түрлі елдердегі көршілік дәстүр

Түрлі елдердегі көршілік дәстүр

Түрлі елдердегі көршілік дәстүр

Бұрындары біз есікті құлыптамай өмір сүріп келдік. Көршілердің бәрін танып, олардың көбісімен жақсы қарым-қатынаста болдық. Қазір, әрине, заман өзгерді – үлкен қала тұрғындары тіпті қарсы пәтерде тұрып жатқан көршілерінің түрін де білмейді. 

1. Шай ішу

Түркия елінде «Ev alma, komşu al» деген мәтел бар. Қазақ тіліне оны «үй таңдама, көрші таңда» деп аударуға болады. Осы мәтелден-ақ түрік халқының көршіге деген құрметі байқалады: жаныңда тұратын адамдармен жай тілдесіп қана қоймай, жақсы дос болу қажет, әйтпесе, басқа жерге қоныс аударуға тура келеді. Бұрын, көшеге жаңа көршілер көшіп келген кездері, оларды бүкіл аула тұрғындары қарсы алатын болған: әйелдер шай дайындаса, ер кісілер жиһаздарды көтеріскен – осылайша көршілермен шай ішу дәстүрі қалыптасты.

Бүгін, шындығына келгенде, бұл дәстүр тек үйханымдары арасында ғана сақталған.

2. Hello and Welcome!


Америкалық киноларда көршілер қолдарына кішкене торт ұстап алып, жаңадан көшіп келген жанұяларға «Сәлеметсіздер ме... қоныс құтты болсын... енді араласып тұрайық» деген сылтаумен жиі қонақтап тұрады. Бұл дәстүрдің бастауы Алғыс айту мерекесінен басталады. Ал бүгінде бұл тек отбасылық мереке ғана болса, кезінде көше тұрғындары көршілеріне қонаққа барып, оларды мерекелік тортпен риза қылатын. Айта кетсек, қарама-қайшы пікірлерге қарамастан, америкалықтардың көбісі көршілерімен жақсы қарым-қатынаста екен: жақында жүргізілген социологиялық сауалнамаға сәйкес, АҚШ азаматтарының 76 пайызы өз көршілеріне сенеді-міс,  44 пайызы – тығыз байланыста екен.

3. Гири


Жапония – ежелгі қауымдық мемлекет. Жапондықтар ежелден бері топ-топ болып, бірігіп өмір сүрген. Топтың әр мүшесі қалғандарына жауапты болған (мұндай тәртіп өнімді сәтті егіп, оны өсіруге мүмкіндік берген). Осы бір топтық қоғамдық санадан еуропалықтардың түсінуі қиынға соғатын «гири» яғни қоғам мен отбасы алдындағы борыш пайда болды. 

Бүгінгі Жапонияда гири дәстүрі аздап қана байқалады, дегенмен жаңа жылдық мерекелер кезінде өзін сыйлайтын Күншығыс елінің әрбір азаматы үйінің алдына көршілерге арналған ашық хат қояды екен. Хатта: «Осы жылы маған деген жақсы қарым-қатынасыңызға алғысымды білдіремін. Жаңа жылда да қолғабыс көрсетерсіз деп үміттенемін» деген сөздер болады.

4. Хашар


Өзбек пен тәжіктер – көшпенді халық болғанымен, өте тату ел және көршілік қарым-қатынасқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Көрші басына ауыр күн туса, көмек көрсетуге тек туған-туыстары ғана емес, сонымен қатар, көршілері де келеді. Көршілер арасында болатын өзара жәрдем Өзбекстан елінде «хашар» деп аталады (араб тілінен «ортақ еңбек, қайырымдылық» дегенді білдіреді), яғни ақшалай, заттай немесе еңбекпен жасалатын көмек.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: facebook.com

1630 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 11 маусым 2013, 10:55
Пікірлер
+0
11 маусым 2013, 09:21

әр халықтың салты басқа иттері қара қасқа деуші ма еді? )

+0
11 маусым 2013, 09:49

коршилермен карым- катынас биздин казалыда сакталган :)

+0
11 маусым 2013, 10:03

«үй таңдама, көрші таңда» :!:

+0
11 маусым 2013, 11:34

иәәә, біздің қазақта да көрші мәселесіне басты назар аударылған. Алыстағы ағайыннан қатар қонған қоңсы (көрші) артық, Көрші ақысы - тәңір хақысы, Көршің жаман болса көшіп құтыласың деген сияқты сөздер соның айғағы. Ерте заманда көшіп қонғанда бұрын қонған ауыл ерулік беретін болған, кейін қонған ауыл ерулікке қарулық қайтаратын болған. Бұл дәстүр бүгінде де кездесіп қалады.
Жалпы түп негізі мұсылман елдерінде Исламнан шыққан болар. Себебі о дүниеде сұралатын сұрақтың бірі: "Көршіңмен тату болдың ба?" - екен.
Осы тәрбиені бойға сіңіру мақсатында болса керек бозбалалар мен бойжеткендердің "Көршіңмен қалайсың" ойыны болған қазақтарда.

+0
11 маусым 2013, 11:47

Хан Умитханов бауырым, өте дұрыс айттың. Дәл осылай.

+0
11 маусым 2013, 17:00

Газеттерде де қоңсыңмен қалайсың?сияқты мақалалар жарияланып тұрады,негізі біздің көршілер жаман емес деп ойлаймынн :roll: :? :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...