Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 5 маусым – қоршаған ортаны қорғау күні

5 маусым – қоршаған ортаны қорғау күні

5 маусым – қоршаған ортаны қорғау күні

Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өз жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.

Сондай-ақ Бас Ассамблеяның 27-ші сессиясында БҰҰ жүйесі аумағында жаңа ұйым құрылған болатын. Ұйымның атауы - БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын ЮНЕП-тің тікелей мұрындық болуымен атап өтіледі.  


Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, керісінше оны көріктендіретін де – адамдар болып табылады. Шындығын айту керек, «нашар экология» деген сөз тіркесі қазір қалыпты сөз қолданысына айналып келеді және бұл тіркеске ешкім таң қалмайтын да, селт етпейтін де болған. Бүкіл дүниеде болғанындай, өлкемізде де, әсіресе үлкен қалаларда, қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс, ағаштардың кесілуі, ауаның, өзендердің ластануы десек артық айтқандық емес. Әсіресе қоршаған ортаның ластануы Астана, Ақтау, Атырау, Өскемен, Қостанай, Қызылорда, Шымкентте байқалады. Семей, Теміртау, Жезқазқан қалаларының экологиясы туралы айтпаса да түсінікті. 

Біздің елімізде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні - көшедегі шеру, велосипедшілер шеруі, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта циркуляциялау науқаны және аумақты тазарту тәрізді қызықты шаралар арқылы атап өтілуде.

Ендеше, сізді өзіңіз өмір сүріп отырған ортаның жағдайы бейжай қалдырмайтын болса, жылына бір рет қана атап өтілетін мерекенің белсенді қатысушысы атаныңыз дегіміз келеді.

 

Суреттер:drabivrada.org.ua 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7117 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 маусым 2013, 10:34
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 12:38

Айналамызды бірге қорғайық, бастамасы қағазды жерге тастамаудан бастайықшы!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...