Астанада ғашықтарға арналған романтикалық саябақ салынбақ

Астанада ғашықтарға арналған романтикалық саябақ салынбақ

Ыстық күн мен шулы ортадан қажыған ғашықтардың қамын ойлаған Астана жақында қол ұстасқан жұптардың пайдасына бір игі іс бастамақ.

Астана қаласында осы бір-екі жыл ішінде романтикалық саябақ ашылмақ. Қазіргі заманға сай үлгіні ұстанатын ботаникалық бақ өз шекарасымен ерекшеленеді. Саябақтың аймағы 100 гектарды құрайтын болады. Сондықтан осы ортада ғашық жандардың сырласып, сұхбат құруына ешкім кедергі болмайды. Тіпті онда көп шамада ғашық жұптар серуен құра алады.

Жаңа саябақ ЭКСПО-2017 жобасының есебінен салынбақ. Бұл жөнінде қалалық сайт қызметі хабарлап отыр.

Жұптарға арналған жаңа саябақ Қабанбай даңғылы бойында (Түркістан көшесімен қиылысында) орналасады. Есілдің сол жағалауындағы басқа да сәнді ғимараттар мен орындардың ізімен бұл саябақ та келушілерін асыға күтетін болады. Қалалық баспасөздің хабарлауынша, Астана қаласы күннен-күнге жаңа ғимараттарды салып, көркейіп келеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: yvision.kz, season.kz 

А. Әбілхан