9 мамырда қанша күн демаламыз?

9 мамырда қанша күн демаламыз?

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Серік Ахметов мамыр айында болатын мерекелерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды премьер-министр ресми сайты.

«Жұмысшылардың жағдайына орайластырып, жұмыс уақытын пайдалы түрде өткізу мақсатында демалыс күні 4 мамыр, яғни сенбі күнінен 10 мамырға ауысты» - делінген хабарламада. Осы себепті, қазақстандықтар Жеңіс мерекесіне орай, 9 мамыр және 12 мамыр күндер аралығында демалатын болды.

Қаулыда көрсетілгендей, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған мекемелер қажетті өнімдерді ұсыну, қызмет көрсету және құрылыс нысандарын жүргізу ісімен 10 мамырдан бастап айналысатын болады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, көрсетілген жұмыс күні ақылы түрде өндіріледі делінген премьер баспасөз хатында.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vsluh.ru

А. Құлтай