Астана туристік қалалардың Бүкіләлемдік федерациясына кірді

Астана туристік қалалардың Бүкіләлемдік федерациясына кірді

Астана туристік қалалардың беделді Бүкіләлемдік федерациясы (World Tourism Cities Federation – WTCF) құрамына енуге шақырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Бұл Лос-Анджелес, Рим, Берлин, Макао, Пекин, Лондон, Вена, тағы басқа да 50-ден астам мегаполистер мен туристік орталықтарды біріктіретін көлемі жағынан 4-ші туристік бірлестік. Бір айта кетерлігі, бұрынғы кеңестік елдері қалалары ішінде WTCF қатысушылары тек Мәскеу мен  Минск болса, енді, міне, ол тізімге Астана да кіріп отыр.

Қазақстан астанасы Бүкіләлемдік Туристік Қалалар Федерациясына Пекин мэрі Уонг Аншунгтың шақыруы бойынша еніп отыр", - делінген таратылған ақпаратта.

«Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы Кеңесінің (ВФТГ) төрағасы ретінде мен сіздің қаланы WTCF құрамына қуана ұсындым. Федерацияға қосыла отырып, сіздің қала ұйымдағы басқа қалалармен бірге сәтті тәжірибесімен, туризмді дамыту мүмкіндіктерімен бөлісетіндігіне менің сенімім зор», - деді осы орайда Пекин мэрі, Федерациялар Кеңесінің төрағасы Уонг Аншун. 

Астана WTCF-қа кірген әлемнің 56-шы, ал кеңестік елдер арасындағы 3-ші қала болып табылады. Бүгінгі күні Бүкіләлемдік Туристік Қалалар Федерациясына қатысушы 55 ең көрікті қала бар. Олардың қатарында: Амстердам (Голландия), Буэнос-Айрес (Аргентина), Гонконг (Китай), Дубаи (ОАЭ), Лондон (Ұлыбритания), Лос-Анджелес (АҚШ), Мәскеу (Ресей), Минк (Беларусь), Оттава (Канада), Рим (Италия), Сеул (Корея), София (Болгария), Тель-Авив (Израиль) және тағы басқалар көрінеді.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: astana-photo.ucoz.kz 

Massaget