Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Астанада Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады

Астанада Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады

Астанада Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылады

Академик, ірі ғалым Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме 5-сәуір күні елордада Тәуелсіздік сарайында ашылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме өткізудегі мақсат – өскелең жас ұрпаққа ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, оларға рухани тәрбие беру болып табылады. 

"Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі  Әлкей Марғұлан асқан дарынды ғалым болуымен қатар, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнер саласында аянбай еңбек еткен ұлт жоқтаушысы  болды. Сонымен бірге, Әлкей Марғұлан – қазақстандық археология мектебінің негізін салушы болып саналады", - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетелік, 2004 жылы Әлкей Марғұланның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілді. 2005 жылы елордадағы №40 орта мектепке ғалымның аты берілді. Ал 2006 жылы осы мектепте оның мұражайы ашылды. Академиктің қызы Данель Әлкейқызы мұражайға әкесінің бірқатар жәдігерлерін тапсырған. Тәуелсіздік сарайында өтетін көрме материалдары мектеп мұражайынан алынды.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kk.wikipedia.org

3433 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 21:04
Пікірлер
+0
04 сәуір 2013, 09:37

жақсы жаңалық екен мынау

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...