Қостанайда жаңа бульвар ашылады

Қостанайда жаңа бульвар ашылады

Қостанайда 1 маусым күні жаңа бульвар ашылады. Көшеде 7 фонтан орнатылады. Бұл туралы Bnews.kz Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевке сілтеме жасай отырып, хабарлады.

"Өткен жылы қаладағы Текстильщиктер бульварының Герцен және Совхозный көшелерінің аралығындағы бөлігін көркемдеу жобасы басталған болатын. Әлеуметтік серіктестік шарттары бойынша, жұмыстың бір бөлігін Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жасап жатыр. Жоғарғы оқу орны спорт алаңын, футбол алаңын салу жұмыстарымен айналысуда. Сонымен қатар, тротуар жолдарын салып, көше бойына гүл егіп, қаланың әдемі болуына үлес қосып жатыр", - деді шенеунік берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жоба балаларды қорғау күніне дейін толығымен орындалып болады.

"Енді 7 фонтан салуымыз керек. Сонымен қатар, қаланың осы аймағынан Неке сарайын тұрғызуымыз қажет", - деп сөзін түйіндеді ол.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ru.gdefon.com