"Атырау-Мәскеу" ұшу бағыты іске қосылды

"Атырау-Мәскеу" ұшу бағыты іске қосылды

"Эйр Астана" компаниясы "Атырау-Мәскеу" бағытындағы жаңа рейсті іске қосты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Рейс аптасына үш рет болады: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма. Жолаушыларды реактивті Embraer 190 ұшағы таситын болады. Алғашқы инаугурациялық рейс Хиуаз Доспанова атындағы ұшақпен жүргізіледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Ұшу уақыты 2 сағат 40 минутты құрайды. Экономкластағы билет бағасы - 47 640 теңге, ал бизнес класс билеті 211 326 теңге.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін "Эйр Астана" әуекомпаниясының "Астана - Бішкек" рейсін іске қосқандығын айтқан болатын. Ұшақтар аталған бағытта 2013 жылдың 23 сәуірінен бастап ұшатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: forbes.kz