Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Астанада "Жапон көктемі" өтіп жатыр

Астанада "Жапон көктемі" өтіп жатыр

Астанада

Жапонияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Дегдар» гуманитарлық қоры Астана қаласында «Жапон көктемі» өнері фестивалін өткізіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара аясында Қазақстан қалаларына Жапонияның әртістері келіп, өнерлерін көрсетіп, көрме мен шеберлік-дәрістерін өткізуде.

"Қазір Астанада кезекті фестивальге дайындық жұмыстары қызу жүруде. 10 сәуірде алғашқы концерт Мюзик Холлда өтеді. Елорда тұрғындарын Жапонияның әйгілі джаз-триосы қуанышқа бөлемек. Фестивальдің екінші концерті 11 сәуірде ҚазҰӨУ Орган залында қойылады.  Онда классикалық өнердің отандық хас шеберлері  Сүндет Байғожин, Тимур Урманчеев, Ермек Құрманаев, Медет Чотабаев және басқалар сахна сәнін келтірмек", - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, дәстүр бойынша фестиваль қатысушылары Астананың музыкалық оқу орындарының студенттерімен кездесулер өткізеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль концертіне кіру тегін. Бұл барлық музыкасүйер қауымға, бірінші кезекте, жас музыканттарға сыйлық көрінеді.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында 31 наурыз күні Жапонияның мәдениет күндері өткендігін айтқан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: oformi.net

1422 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 сәуір 2013, 12:20
Тегтер: астана, жапония,
Пікірлер
+0
02 сәуір 2013, 14:09

әттең, сакураның әдемілігін көрсете алмайды ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...