Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Атырау - екі құрлыққа ортақ қала

Атырау - екі құрлыққа ортақ қала

Атырау - екі құрлыққа ортақ қала

Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.

Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупа және Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасында салынды, кейін 30 шақырымға шегінді.

Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру саласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана емес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республика бойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандар шығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.


2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласының тұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православ мен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.

Атырау климаты шұғыл континентальды. Жаз мезгілі өте ыстық, ауа-райы температурасы +40, +42°C-қа көтерілуі мүкін. Ал қыс мезгілі ызғарлы әрі суық болады. Ауа-райының орташа температурасы - -20, -25°C. Қатты жел мен шаңды дауылдар жиі болады.


Қалада қоғамдық көліктер жиі қозғалады. Әуежай, авто және темір жол вокзалдары тәулік бойы жұмыс істейді. Атырау әуежайы қаладан бес шақырым жерде орналасқан.

Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес. Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралай алады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры, Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ, музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, Халел Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау политехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.


Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин, Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.

Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.

Суреттер: www.kit.gov.kz, maps.resurs.kz, atyrau-city.kz  

22342 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 13 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
13 наурыз 2012, 12:01

самый прикол это каждый день пересекать мост-границу между европой и азией)))

+0
13 наурыз 2012, 12:13

а я только раз в месяц (сейчас вообще реже) пересекаю эту "границу" ))) Все время нахожусь в Европе!

+0
13 наурыз 2012, 12:16

Шетелдемін десеңізші)))

+0
13 наурыз 2012, 12:32

"азиаттарды" менсінбейміз деп кейде ойнап қоямыз )))

+0
13 наурыз 2012, 12:39

Енді сіздер аристократтарсыздар ғой))))

+0
13 наурыз 2012, 12:12

Қатты жел мен шаңды дауылдар жиі болады - жиі емес, почти үнемі деуге болады ))))

+0
13 наурыз 2012, 12:13

Ұшып кетпейсіздер ме?

+0
13 наурыз 2012, 12:14

Ұшпайм, бірақ бірнеше рет құлағам (немесе құлауға чуть қалғам) ;)))

+0
13 наурыз 2012, 12:17

Мен сияқты арықтар қайтеді екен, а?

+0
13 наурыз 2012, 12:31

арықтарға еще повезло, конъюнктивиті барларға жаным ашиды, әсіресе жазда

+0
13 наурыз 2012, 12:40

Олай болса, сіздер жаққа жазда бармаған жөн екен)))

+0
13 наурыз 2012, 12:42

Қайыржанның коменті жоғалып кетіпті ғой. Көктем-күздің де оңып тұрғаны аз. Балшық-маса тсс ))) Бірақ 2-3 жылдан кейін уже үйрене бастайсың )))

+0
13 наурыз 2012, 12:43

Ой, барғым келмей қалды ғой)))

+0
13 наурыз 2012, 12:47

жылдан жылға жақсарып келе жатыр ғой! Сарайшық үшін келемін деп жатыр едің ғой ))))

+0
13 наурыз 2012, 12:48

Енді сіз ғой, балшық, маса деп адамның үрейін ұшырып отырған)))

+0
13 наурыз 2012, 12:51

Еуропа-Азия дегендей "город контрастов" қой ))) Әр нәрсенің екі жағын сразу көресің )))

+0
04 сәуір 2012, 10:34

Биздин Атырау бурынгыдай емес балшык маса деген жок кала коркейп дамып келеди бизге конакка кел кушак жая карсы аламыз

+0
13 наурыз 2012, 13:07

Атырау туған жерім десе де болады, деп екінші рет айта алам! Сағындым Атыраудың балшығын

+0
13 наурыз 2012, 12:24

Әдемі қала екен!!

+0
13 наурыз 2012, 14:41

Шымкенттің көлемі 4-5 Атырауға тең келеді екен-ау...

+0
13 наурыз 2012, 16:49

Атырауға қонақ боп қашан барады екенбиз, ә?

+0
13 наурыз 2012, 17:47

Маған ұнаған Атырау, Қазақстанның 3-ші қаласы деп білемін!

+0
13 наурыз 2012, 17:54

1 мен 2 қай қалалар? :)

+0
13 наурыз 2012, 17:57

Алматы мен Астана

+0
13 наурыз 2012, 18:45

бірінші орында Ақтөбе ғой, екіде - Алматы. )))

+0
13 наурыз 2012, 18:46

Сен үшін Ақтөбе, мен үшін Алматы, жалпы барлық жерде солай айтылады 1 Алматы

+0
04 сәуір 2012, 10:35

Мен ушн 1 орында Атырау 2 Астана 3 Алматы

+0
13 наурыз 2012, 17:59

Бір жылдары Қазақстанның астанасы Атырау болады деп еді. Соңғы кезде осы сыбыстарды жиі естіп жүрмін

+0
13 наурыз 2012, 18:18

Бола қоймас, Астана әлі жас қой. 50 жылда 1 ауыстырады демеуші ма еді астананы

+0
13 наурыз 2012, 22:41

Астананың қызығы әлі таусылған жоқ қой, тәйірі. Ауыспайтын шығар деген ойдамын

+0
26 наурыз 2012, 13:02

Хызых Екен ;)

+0
01 сәуір 2012, 22:26

Атырау Ресеймен шектеседи.
Туркмененстанмен Өзбекстанмен шектеспейдй

+0
04 сәуір 2012, 10:31

Мен каланын еки жагы Азия мен Еуропа да турам Кызык ушн мост ты алып таса онда кызык болар еди :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...