"Астана - Бішкек" жаңа рейсі ашылды

"Астана - Бішкек" жаңа рейсі ашылды

"Эйр Астана" әуекомпаниясы "Астана - Бішкек" рейсін іске қосты. Ұшақтар аталған бағытта 2013 жылдың 23 сәуірінен бастап ұшатын болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана-Бішкек-Астана бағытындағы КС 151/152 рейстері Embraer-190 ұшағымен аптасына төрт рет орындалады: сейсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі", - делінген таратылған ақпаратта.

Қырғызстандық жолаушылар үшін Ресей мен ТМД-ның басқа да қалаларына (Санкт-Петербург, Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург, Омск, Оренбург) ұшатын рейспен түйісу мәселесі де қарастырылған.

Ал Алматы-Бішкек-Алматы бағытындағы рейстер аптасына 5 рет (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) орындалатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: abtour.kz 

Massaget