Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Дарындылар додасы Алматыда

Дарындылар додасы Алматыда

Дарындылар додасы Алматыда

Дәл қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ең дарынды болашақ журналист» атты журналистика мамандығы бойынша республикалық пәндік Олимпиада өтуде.

Бұл додада еліміздің әр аймағынан келген жоғарғы оқу орындарының ең үздік студенттерінен құралған он команда бақ сынауда.

Олимпиада ережесі бойынша, студенттер сайыстың алғашқы турында журналистика мамандығының негізгі пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берсе, одан кейіңгі кезеңде  «Ең үздік таныстыру» , «Ең үздік болашақ телерадиожурналист»,  «Ең үздік болашақ фотожурналист», «Ең үздік болашақ баспасөз және онлайн журналист» номинациялары бойынша өз біліктіліктерін көрсетуде.

Іс-шарадан бір көрініс

Аталған сайыс турасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Журналистика»  факультеті деканының ғылыми-инновациялық істері жөніндегі орынбасары  Қарлыға Мысаева: "Олимпиада ойдағыдай өтіп жатыр. Біздің ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – әр облыстың журналистика мамандығындағы студенттерінің бағыт-бағдарын бағамдау, олармен байланыс орнату", - дейді.

Болашақ журналистерге «Жас Алаш» газетінің фотожурналисі Асылхан Әбдірайымұлы, «Азаттық» радиостанциясының Алматыдағы бөлімінің бас редакторы Қуанышбек Қари, сондай-ақ «Түркістан» газетінің меншікті тілшісі, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Жаңыл Асылбекова және «Inspire» медиакомпаниясының бас директоры Ертай Нүсіпжанов қазылық етті.

Олимпиада қорытындысы әлі анықталған жоқ, бірақ сайысқа түскен әрбір топ өздерінің жеңіске лайық екендіктерін айтады. 

Автор: ЖасStar тобы

Сурет: жеке мұрағаттан

4993 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 29 наурыз 2013, 16:36
Пікірлер
+0
29 наурыз 2013, 17:08

ЖасStar алға!!!

+0
29 наурыз 2013, 17:21

Жақсы жоба екен

+0
29 наурыз 2013, 17:29

Бұл олимпиада арқылы қатысушылардың білім дәрежесін байқауға болады. Сол себепті мұндай сайыстардың болашақ мамандарды даярлауда тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Аталған сайысқа С.Аманжолов атындағы ШҚМУ "Журналистика" мамандығының студенттері де қатысуда. Баршаңызға сәттілік тілеймін!

+0
29 наурыз 2013, 17:37

Осы сайысқа біздің ШҚМУ "Журналистика" мамандығының студенттері де белсене қатысып жатыр. Олардың сайыста өздерін жан-жақты көрсететініне сеніміміз мол. Сіздерге жеңіс тілейміз!

+0
29 наурыз 2013, 17:50

Болашақ журналистердің білімі мен шығармашылығын шыңдайтын бұндай шаралардың көп болғаны дұрыс. Сайысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін! С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері жеңіспен оралыңдар!

+0
29 наурыз 2013, 17:57

Мұндай маңызды шаралар журналист кадрларын шыңдауға зор септігін тигізеді. Студенттердің арасында әр аймақтың журналистикасы туралы пікір қалыптасып, сайыс барысында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріліп отыр. Көсемсөз шеберлерінің білімі мен біліктілігін арттырған осындай олимпиаданың ұйымдастырылғанына мың алғыс!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...