Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Әлемді аузына қаратқан "Хан шатыр"

Әлемді аузына қаратқан "Хан шатыр"

Әлемді аузына қаратқан

Бүгін сіздермен Еуразияның жүрегінен орын тепкен елордамыз Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы туралы әңгімелейтін боламыз.

Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия жерінде есімі дүние кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр.


"Хан шатырды" британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған болатын. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр. 

Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.

20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр. 


Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.

Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген. Қаладағы сауда орталықтарының көптігінен жалға алушылар бұл жерге келмейді деген болжамдар жоққа шықты. Коммерциялық алаңдардың 82%-ы қазірдің өзінде бос емес.

Олардың арасында бүкіл әлемге таныс брэндтермен бір қатарда астаналықтарға ұнап үлгерген сауда маркалары да кездеседі. Сауда мен қызмет көрсету нысандарынан басқа, осы жерде заман талабына сай фитнес орталығы, сұлулық салоны және т.б. табуға болады. Ал мынау орталықта орналасқан "Тілек ағашы". Жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек.


"Хан шатырдағы" назар аударуға тұрарлық тағы да бір бұрыш - "Өнер галереясы". Сіз бұл жерде қазақстандық суретшілер мен қолөнершілердің тамаша туындыларының куәгері атанасыз.

Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез-келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады.

"Хан шатыр" ойын-сауық орталығы - отбасыңызбен, балаларыңызбен келіп алаңсыз демалыс құруға таптырмас мекен. Сіздің қамыңыз үшін түрлі ойын құрылғылары мен сауық орталықтары ұйымдастырылған. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.

Ғимаратқа кіреберіс жерде "Хан шатырдың" толық макеті қойылған. Бұдан түсінеріміз ойын-сауық орталығы біздерді әлі де талай рет таң қалдыратын болады.

Нысан 2010 жылы шілде айының алтыншы жұлдызында ашылған болатын. 

 

Арнайы massaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева

15863 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 наурыз 2013, 17:18
Пікірлер
+0
28 наурыз 2013, 15:15

Жазуына не болған анау басындағы? :oops:

+0
28 наурыз 2013, 15:16

Ішінде адам көп дегені болмаса, керемет жер. Ерекше, әдемі, жайлы...

+0
28 наурыз 2013, 15:30

зерттеу жұмыстары жоғарғы деңгейде жүргізіліпті)

+0
28 наурыз 2013, 15:38

Маған ұнайды хан шатыр, барған кезде шықпай қойғам ішінен )))

+0
28 наурыз 2013, 16:30

Бұйырса, біз де көретін күн келер Ханның шатырын.

+0
29 наурыз 2013, 16:16

2 рет барғам өте әдемііі*бәсее мен ана тілек ағашын түсінбей жүрсем не ол деппппппппп

+0
29 наурыз 2013, 16:16

:lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...

Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі
Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі

"Отбасым - ол менің бар байлығым, баға жетпес асыл қазынам! Отбасым - ол менің аяулы...

Аспазхана,дәмхана құпиялары
Аспазхана,дәмхана құпиялары

Әр мамандықтың өзіндік құпиялары мен сырлары болады. Біз бүгін аспаз болудың...

Құлтемірдің құлы болма!
Құлтемірдің құлы болма!

Телефондарға адам баласынның қызмет етуі


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...