Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Азия Чемпионатында қазақстандық алтын алды

Азия Чемпионатында қазақстандық алтын алды

Азия Чемпионатында қазақстандық алтын алды

Азия Чемпионатында Астаналық велошабандоз алтыннан алқа тақты.  Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Бүгін, 13 наурызда, Азия Чемпионатында тас жолдағы жеке жарыста №6 спорт мектебінің тәрбиленушісі Дмитрий Риве өзінің жапондық бәсекелесін 12 секундқа артқа тастап, чемпион атанды»,- делінген таратылған ақпаратта.

Енді Дмитрий 15 наурызда өтетін топтық жарыстағы жүлде үшін барын салатын болады. 18 жасар спортшы Қазақстан чемпионы болып табылады. 

Тас жолдағы жарыс тректегі бәсеке аяқталғаннан кейін бүгін басталған болатын.  

Естеріңізге сала кетелік, 7 наурыздан бері Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында тас жолда және тректе жарыстан 33-ші Азия Чемпионаты өтуде. Онда Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін астаналық спорт мектебінің велоспорт бойынша алты тәрбиленушісі жақсы нәтиже көрсетті.

Бұған дейін командалық спринтте елордалық Алмаз Кинеев пен Заки Сұлтанов бесінші орынға табан тіреді. Бірінші орынға Корея спортшылары шықса, екінші орынды – малазиялықтар, ал жапондық велошабондоздар үшінші орынды місе тұтты.

Құрлықаралық біріншілікте біздің елордалық спортшылар Никита Клеванов пен Марлен Тоқсейітов күміс жүлдеге ие болды. Екеуі де еліміздің өткен жылғы трек жарысындағы чемпионы болып табылады.

Азия чемпионатына 41 құрама команда қатысуда. Қазақстан делегациясы құрамында 51 адам бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kaztrk.kz

1491 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 наурыз 2013, 19:41
Пікірлер
+0
14 наурыз 2013, 08:30

Жарайсыңдпр!

+0
14 наурыз 2013, 10:34

Жарайсыңдар! Винокуровтың жолын берсін!

+0
14 наурыз 2013, 10:37

Жарайсың!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...