Қазақстанда 2013 жылы жаңа вагондар пайда болады

Қазақстанда 2013 жылы жаңа вагондар пайда болады

2013 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ 220 жаңа жайлы жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа вагондар қызмет көрсетулердің сапасын арттыру мақсатындағы арнайы бағдарламаның аясында салынады.

"Отандық 158 "Тұлпар-Тальго вагонын", жоғарғы сұранысты тұтынушыларға арналған 49 вагон, 1 дизель-рельсті состав және 10 электрпойыз вагоны сатып алынады", - делінген таратылған ақпаратта.

Осылайша компанияның жолаушылар вагондарының тозу көрсеткіші 64 пайыздан 58 пайызға төмендейді. Мерекелік және демалыс күндері сұраныс көп маршруттарға қосымша вагондар жалғанатын болады.

2013 жылдың маусым айында "Алматы - Атырау", ал қарашада "Астана - Атырау" жүрдек маршруттары іске қосылады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kursiv.kz

Massaget