Астанада автобустардың қозғалыс бағдарлары өзгереді

Астанада автобустардың қозғалыс бағдарлары өзгереді

Астанада №2, №24 және №129 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Иманов, Кенесары көшелері мен Алаш тас жолы бойында пайдалануға жаңа тұрғын үйлер мен сауда кешендерінің берілуіне байланысты Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы №2, №24 және №129 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізуге шешім қабылдады", - делінген таратылған ақпаратта.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасынан хабарлағанындай, өзгерістер биылғы жылдың 9 наурызынан басталып, төмендегі тәртіпте жүзеге асырылады:

- № 2 бағдары: «Градкомплекс» аялдамасынан  Уәлиханов көшесіндегі  «Жаннұр СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Уәлиханов көшесіне дейін – Кенесары көшесі –Республика даңғылына дейін – одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша. Кері бағытта да осы қозғалыс сызбасы бойынша;

- № 24 бағдары: бастапқы «39 разъезд» пункітінен Уәлиханов көшесіндегі «Жаннұр СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз. Одан әрі – Иманов көшесі - Янушкевич көшесі – Пушкин көшесі – Тәуелсіздік даңғылы – Қажымұкан көшесі – одан әрі бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша. Кері бағытта да осы қозғалыс сызбасы бойынша;

- № 129 бағдары: бастапқы «Күйгенжар» пункітінен Кенесары көшесіндегі «Қазақстан СҮ» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Жұбанов к-сі (оңға қарай) - Абай даңғылы – Пушкин көшесі – Ақжол көшесі – Алаш тас жолы – соңғы аялдама  «Биг Шанхай СҮ». Кері бағытта «Көк базарға» кіріп, одан әрі бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша жүреді.

Еске салайық, наурыз айынан бері  № 30 және № 42 бағдарларының қозғалысы  келесі тәртіпте өзгерді:

- №30 бағдары:  бастапқы «Сусамыр көшесі» аялдамасынан  «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі - Орынбор көшесінен – Алматы көшесі – Сауран көшесіне дейін одан әрі бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша;

- №42 бағдары: бастапқы «Ет комбинаты»  пункітінен Қабанбай даңғылы бойындағы  «№17 мектеп-гимназия» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Сарайшық көшесінен – Түркестан көшесі – Қонаев көшесіне дейін – одан әрі бұрынғы қозғалыс бағдары бойынша.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: omnitrans.kz

Massaget