Алматыда әскери техникалардың миниатюрасы көрсетілетін болады

Алматыда әскери техникалардың миниатюрасы көрсетілетін болады

Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы өнер үйінде әскери техникалардың қолдан жасалған миниатюрасы көрсетілетін болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат - жас буынға әскери техникаларды көрсетіп, олардың бойындағы патриоттық сезімді күшейту. 

"Көрмеге келушілер шынайы әскерде қолданылып жүрген танктер, тікұшақтар, ұшақтар мен басқа да әскери техникалардың қолдан жасалып, кішірейтілген нұсқаларын тамашалай алады. Қойылатын дүниелердің барлығы пластиктен, ағаштан және металлдан жасалған", -дейді ұйымдастырушылар тобы. 

Бір айта кетерлігі, әскери техникалардың көрмесіне кіру тегін болмақ. Жалпы көрме көпшілікке 3-наурызда ашылатын болады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mini-koleso.ru

Б. Қосмағамбет