Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Менің кішкентай қалам - Тараз

Менің кішкентай қалам - Тараз

Менің кішкентай қалам - Тараз

Үздіккен арманның, үзілмес үміттің мекені болған ғашықтар қаласы. Алтыны аспаннан, байлығы балақтан шалған  көпестер шаһары.  Таңдайы жырға, маңдайы нұрға бөленген шайырлар мекені. Жасыл желекке бөленген табиғат аясы.  Ертегіге бергісіз аңыздар алқабы. Ғасыр жаңалықтарының орталығы. Мыңжылдықтар мұрасының көне жұрты. Күннен сұлу, Айдан анық ақиқат даласы  шақырады!

Әуежайдан түскеннен бастап, мұндағы климаттың аса жайлы екенін аңғарасыз. Аяқ-қолыңызды жерге тигізбей тосып алатын жүргізушілер қонақжайлықтың айрықша белгісі ретінде қаланың ең көрікті жерлерін, табиғатпен егіз жаралған көшелерді мақтанышпен көрсетеді.

Орналасып  алған соң, асқазан мәселесін шешу  қиын емес. Қала аспазшылары бірінен-бірі өткен шебер. Таңдауыңыз бен талғамыңызға байланысты.  Қаланың кез келген жерінде мейрамханалар мен кафелер, саябақтар жетіп артылады.

Асқазан мәселесін шешкен соң, қала тарихымен танысқыңыз келсе, орталық көшеде орналасқан тарихи-өлкетану мұражайына соғыңыз. Міндетті түрде. Себебі, 2000 жылдық тарихы бар қаланың көп қазынасын өз көзіңізбен көре аласыз. Ал  бұларды місе тұтпай үлкен қазына яки жәдігерліктерді көргіңіз келсе, онда Төле би мен Байзақ батыр көшесінің қиылысында орналасқан Қарахан кешеніне барыңыз. Ғасырлар қойнауында тоғысып жатқан, Жамбыл ауданында орын тепкен Айша-бибі мазары екеуінің арасындағы үлкен махаббаттың куәсі боласыз. Олар туралы аңыздарға таңдай қағып, Бабаджа-қатун кесенесімен қосылып, жылап алуыңыз да ғажап емес.

Алайда, бұл басы ғана. Қаланың оңтүстік-шығысында, Талас өзеніне жанай орналасқан Тектұрмас кешені бар. Ислам дінінің келуіне байланысты X-XIV ғасырларда бой көтерген қасиетті орын 1935 жылы қиратылғанына қарамастан, өз болмысын сақтап қала алған.  Одан қала бере, қаланың атын шығарған Қали-Жүніс шығыс моншасына барыңыз. XX ғасырдың орта тұсына дейін жұмыс жасаған монша, сізді өзінің бай тарихымен көптеген деректерге қанықтырады. Бұл да аз десеңіз, Һибатулла Тарази мешіті бар. Мұнаралары алыстан қол бұлғап шақырып тұрғандай әрі-сәрі күй кештіріп, бойдағы иманыңыздың артуына септігін тигізеді...

Алатаудан Күн қимай батқан кезде, сізге де бір сәт бой жазуға тура келеді. Самаладай жарқыраған қала жарықтары сізді армандар қиялына жетелейді. Армандар қиялы сізді Абай көшесінің бойындағы Орыс және Қазақ драма театрына алып барады. Өкінбейсіз, қайта көңіліңіз көтеріліп, тың серпін алып, бір жасап қаласыз. Ал егер оны қажет деп таппасаңыз, көңіліңіз басқа нәрсеге алаң болса, қала көшелеріндегі пиццерияларға, барларға, кафелерге, боулингке, кинотеатрларға бас сұғыңыз. Мүмкін, осы жерден іздегеніңіз табылатын шығар.

Талайғы Тараздың талайды таңқалдырары анық. Бір ғана күнінің өзі осыншама қызыққа толы мекен, адам баласының жадында жарқын елестер қалдыруға тырысады. Қалдырып қана қоймай, қалаған уақытыңыздың қызықты өтуі өз қолыңызда екенін  дәлеледеп береді.

 

Форумда талқылау

Сурет: yvision.kz

10740 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 19:00
Пікірлер
+0
02 наурыз 2012, 20:12

Не деген сөздер!!! Таразға кеттім )

+0
03 наурыз 2012, 09:35

Жын ұрды ма сізді? Ол жаққа бармаңыз өтінемін! Ол криминал қала! Сіздің ол жерге баруыңызға қарсымын!

+0
22 сәуір 2012, 23:57

неліктен Тараз десе бір жақты көзқарас, сіз секілділерді мүлде түсінбеймін, тіпті Таразды 13 районмен теңеп жібересіздер :!: есіңізде болсын "5 саусақ бірдей болмайды" мұндай сөзбен көпке күл шашудың керекгі жоқ! Тараздағы бар бұзақылық басқа қалаларда бар! жақсылап қарасаңыз криминал жағынан Алматы Тараздан асып түседі. керісінше Тараздан басақ қалалар меймандостықты үйренсін, Қазақстанның қанша қаласында болдым біздің тұрғындардай жайдары тұрғындар Қазақстанның еш қаласында жоқ!!!

+0
02 наурыз 2012, 23:38

Мөп-мөлдір көздің қарасын,
Тараздан ғана табасың ..... деп Фердоуси тегін айтпаған ғой кезінде Тараз сұлу көркем табиғатымен ғана емес өзінің өнерлі өрендерімен де талайды тамсандырған. әнші де биші де тек бізден шығады. спортшылары қандай соңғы олимпиада ойындарын айтпағанның өзінде тек алтын алып жүрген Таразымның Тарландары.........

+0
02 наурыз 2012, 23:42

Тақырыбын оқып, Таразды құшағыма алғым келіп кетті ғой ))

+0
03 наурыз 2012, 00:30

Таразды құшағына алғысы келетін Анара және он бес миллион қазақ бар))))))))

+0
03 наурыз 2012, 00:43

Ойбай-ау, мынау кімнің қаласы.

+0
09 тамыз 2012, 12:49

мамам тараздың тумасы, Мені дүниеге әкелген жанды дүниеге әкелген каланы мен де жақсы көремін ;)

+0
03 наурыз 2012, 09:36

Адам өлтіру жағынан бірінші орын алады!

+0
03 наурыз 2012, 09:36

Өте криминал жене нашақорлық көп сатылатын қала!

+0
03 наурыз 2012, 10:47

Өзім тұратын қаланы әдемі жеткзіпіті... қуаныштымын...Талайғы Тараздың талайды таңқалдырары анық-әдемі айтылған )))))

+0
03 наурыз 2012, 10:51

Ойбооу, Тараз мықты, Тараз осындай, Тараз мынадай, аха, тағы осындай, мұндай, отқа піскен нандай, нанға жаққан майдай... ))

+0
03 наурыз 2012, 13:12

Бір қарағанда қарапайым, бір қарағанда құдіретті, бір қарағанда жат қылықтары бар бірден-бір қала емес пе?!
Таразда басбұзарлық бар. Бірақ, дамыған қоғамның эмоциялы болатыны тағы бар. Мұны да ескерген дұрыс.

+0
03 наурыз 2012, 16:51

Авторға мың алғыс!

+0
03 наурыз 2012, 20:27

ахой катырыпсын рахмет

+0
04 наурыз 2012, 00:34

иа иа мактауын кел1ст1р1пт1)))

+0
05 наурыз 2012, 15:26

Құрметті тараздықтар, сіздердің қалаларыңызда тілектерді орындайтын мешіт бар деп естідім. сол рас па? ол қай мешіт? мекен-жайын жазып жіберіңіздерші!!!! рахмет!

+0
07 наурыз 2012, 04:27

Рас. Ол орталық мешіт. Толық білетіндер бар ма екен?!

+0
11 наурыз 2012, 16:50

Таразға барып көрмеген екем. Алла сәтін салса, тойға барам Таразға

+0
18 наурыз 2012, 19:31

уау жасыл желек тараз адеми гой а

+0
20 наурыз 2012, 17:57

Тараздықтарға жалынды сәлем Шымкенттен)))))

+0
20 наурыз 2012, 17:58

Таразға бармағаныма біраз болып қалды, қала гүлденіп кетіпті))))

+0
20 наурыз 2012, 18:01

Таразға Оралдан сәлем! ) десең )))

+0
22 сәуір 2012, 23:53

Тараздың ерекшелігін аз көрдік, меніңше

+0
09 тамыз 2012, 13:07

Менім Семейіме жететін қала жоқ. Аягөзіме жететін станция жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...