Ғалым: «Алтын адамның» екіншісі Таразда

Ғалым: «Алтын адамның» екіншісі Таразда

1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» тағы бір данасы Тараз қаласының маңында болуы мүмкін деп хабарлайды kaztrk.kz. Бұл сенсациялық жаңалықты Тараз іргесіндегі «Жеті төбе» деген жерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог мамандар айтқан.

Алтын сауыттың 40-қа жуық бөлшегі табылып та қойыпты. «Жеті төбедегі» жалпы 7 қорғанның екеуі қазылған, ал қалғандары алдағы күндердің еншісінде. Сақ патшасының сауыт бөлшектері Есік қорғанындағы құнды жәдігермен бірдей екен. Ал өкініштісі, бұл қорғандар бірнеше рет тоналған болып шықты.

«Археологиялық экспертиза» серіктестігінің директоры Дмитрий Воякин қазірдің көзінде табылған жәдігердің Алматы маңындағы «Алтын адамнан» ешқандай да айырмашылығы жоқтығын айтады. Оның сөзіне сенсек, қорған 8 рет тоналыпты.  

Ал қаншалықты зиян келгені жайлы ақпарат жоқ. Археолог тонаушылар барлық құнды жәдігерлерді алып кетпеуі мүмкін дейді.   

Егер бұл болжам расталса, Қазақтың археологиялық мұражайы тағы бір «Алтын адаммен» толықпақ.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: webme.com, locman.kz

А. Құлтай